Украина президенті Владимир Зеленский ел азаматтарына үндеу жасап, оларды кейінгі жаңалықтарға байланысты үрейленбеуге шақырды. Халық қалаулысының видеоүндеуі Президенттің ресми сайтында жарияланды.
«Соғыс сегізінші жыл болып жатыр, қазір дүрбелеңге түсетін, жағдайды ушықтыратын, қарақұмық пен сіріңке сатып алатын уақыт емес», – деді Украина басшысы.
Зеленскийдың айтуынша Украина соғысқа дайын емес, бірақ қорғаныс жасайды.
Президенттің айтуынша БАҚ өкілдері Ресеймен болу мүмкін соғыс ықтималдығы жайлы жиі ақпар таратады. Бұл ақпарлар бұрын да болған дейді. Зеленский халықты үрейленбеуге, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Парақшамызға жазылыңыз