Кеше кейбір сайттардың бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың қамауға алынғаны жайлы ақпарат таратқанын жазған едік. Бірақ ақпарат нақтыланбаған болатын.
Бүгін Бас Прокуратураның ресми сайтында экс министрдің 19 ақпанда қамауға алынғанын растаған ақпарат жарық көрді.
“2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды”, делінген ресми ақпаратта.
Парақшамызға жазылыңыз