/

Бүгін Алаш өз Әбесін соңғы сапарға шығарып салды

895 рет қаралды
Ерлан Қаринның Фейсбук парақшасынан алынды
Ерлан Қаринның Фейсбук парақшасынан алынды

Соңғы үш күнде барша Алаш өз Әбесін жоқтап жатыр. Бүгін Алтай мен Атыраудың, Қаратау мен Алатаудың, Сыр мен қырдың арасынан жиналған қалың жұрт абыз ақсақалымызды мәңгілік мекеніне жайғастырып, соңғы парызын өтеді,-деп жазды Қарин өзінің Facebook парақшасында. Және жүрек тебірентерлік суретпен бөлісті.

“Әбенің​ өміріне​ тұтас​ бір​ ғасыр​ сыйып​ кететін.​Сондықтан​ бүгін​ біз​ Әбеңмен​ ғана емес, тұтас​ бір​ дәуірмен қоштастық.​ Қазақ​ қоғамының​ ғасырлық​ куәгерін,​ ұлт​ әдебиетінің​ шежіресін​ бақиға аттандырдық.
Әбдіжәміл Нұрпейісов тік сөйлеп, тура кессе де, елдікке, мемлекетшілдікке қызмет етті. Ол осы өмірден өтіп бара жатып та бізді бірлікке шақырғандай. Өйткені Қазақстанның​ әр​ түкпіріндегі​ қарапайым​ азаматтардан​ бастап, ел алдында​ жүрген​ қайраткерлерге​дейін Әбдіжәміл​ ағамызды​ соңғы сапарға шығарып​ салу рәсімін ауызбіршілікпен атқарды. Елдігіміз көрінген, бірлігіміз танылған іс болды.
Қош болыңыз, абыз аға! Жатқан жеріңіз жарық, жайыңыз жұмақ болсын”,-деп аяқтады Қарин жазбасын.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар