Ақпанның 3-інде Ұлыбритания Парламентінде Қазақстандағы экономикалық қылмыстар жайында мәселе қозғалды. Лейбор партия атынан сайланған депутат Маргарет Хедж (Margaret Hodge) Қазақстан жайлы кең көлемде баяндама жасап, Қазақстанның бірқатар байларына санкция салуды сұрады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРРУПЦИЯНЫҢ ЖӘНЕ КЛЕПТОКРАТИЯНЫҢ ДАМУЫНА БРИТАНИЯНЫҢ ДА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖЕТЕРЛІК
Маргарет Хедж Қазақстандағы коррупцияның және клептократияның дамуына Британияның да қосқан үлесі жетерлік дей отырып, үш түрлі дәлел келтіреді.
“Мен Үкіметтен екі түрлі мәселені айқындауды сұрағым келеді. Бірінші Қазақстанға қарсы санкциялар салу арқылы ондағы бассыздықты тоқтатуға белсенді қатысуымыз керек. Екіншіден, олар келесі сессияда экономикалық қылмыстар туралы заң жобасын ұсынуды өз мойындарына алды. Олар бұл заң жобасының ережелері тиімді мақсатқа сай және ақылға қонымды болатынына көз жеткізуі тиіс. Британия арам ақшамен аянбай күресетіндігін көрсете білуі керек.
Қазақстан Советтер одағынан бөлінгеннен бергі отыз жылдың ішінде біраз табысқа жеткені айқын. Оның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) Ресейді қоса алғанда, өзге көршілерінен оқ бойы озық болды. Өмір сүру деңгейі жоғары және 2010 жылдан бері Қазақстан саяси тұрақтылығымен мақтана алады.
Дегенмен, мұнда мәселенің екінші жағы бар. Қазақстанды өз халқының ақшасын ұрлаған клептократиялы элита басқарып келді. 2019 жылға дейін ол диктатор Нұрсұлтан Назарбаев болды. Елде тек 162 адам ғана байлықтың 55%-ын иеленеді. Оның көбі Назарбаев отбасының мүшелері мен оның жақын серіктестері. Елдегі адам құқықтарының жағдайы өте мүшкіл, ал ақпараттың бостандығы өте тар ауқымда.
2006 жылы Клинтон әкімшілігі кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі болған Джонатан Уайнер “Әлемде Назарбаев сияқты жемқорлығымен қатты танымал болған басшыны көрмеппін… Біз оның кемінде 15 жылдан бергі жемқорлығы жөнінде білеміз” деген еді.
Бірақ, Британия бұның барлығына көзін жұма қарады, коррупцияны көзге ілмей, Қазақ билігіне ақшаны жымқыруға және оны оңды солды жұмсауға көмектесті. Үш мысал айтайын:
2008-2015 жылдар аралығында 205 Қазақ клептократтарына біз «алтын» виза бердік, сөйтіп олар арам ақшаларын Британияда жұмсауына мүмкіндік алды. Бұл виза бірінші деңгейдегі инвесторларға берілетін виза, Қазақстан ондай мүмкіндікке ие болған алғашқы бес мемлекеттің бірі еді.
ҚАЗАҚ ЭЛИТАСЫ ҰЛЫ БРИТАНИЯДА ЖАРТЫ МИЛЛИАРД ФУНТТАН АСТАМ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ИЕЛІК ЕТЕДІ ЕКЕН
Жақында Chatham House жасаған есебінде қазақ элитасы Ұлы Британияда жарты миллиард фунттан астам жылжымайтын мүлікке иелік етеді екен. Оның £330 миллионы Назарбаевқа және оның отбасына тиесілі. Оның күйеу баласы Sunninghill Parkты £15 миллион фунтқа сатып алған, өз құнынан £3 миллион фунтқа қымбат. Ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу жобасы қазір Назарбаевтың құпия түрде құны $7.8 миллион доллар болатын төрт қайырымдылық қорын бақылап отырғандығын айқындаған. Оған қонақ үйлерден бастап, банкілерге дейін инвестиция құйған. Бұл 2020 жылы Ұлы Британияда тіркелген Jusan Technologies холдингіне жартылай тиесілі. Қазақ басшыларының бұндай әрекеттеріне көз жұмғанымыз соншалық, олардың арам жолмен тапқан байлығын Британияда жаратуына тыйым салатын заңдарымыздың өзін қолдана алмадық.
Десе де, біздің Үкіметтің қимылдауына әлі кеш емес. Біздің қолымызда қазақ олигархтарына қарсы қолданатын қару тұр: ол – санкция. Жақында Қазақстанда болған наразылықтар, оның соңының тәртіпсіздікке ұласуы, осы клептократияның жемісі. Өз халқын жүйелі түрде тонап келген билікке қарсы біздің Үкімет санкция жариялауы керек. Біз клептократияға қарсы Parliamentary Alliance деген парламентаралық альянс құрдық. Біз Біріккен корольдіктер, Америка және Еуропа одағы елдері парламенттері Үкіметтерімізге Қазақстандағы клептократияға қарсы санкция салуды мәжбүрлейтін боламыз”, деген ол төмендегі адамдарға жеке-жеке тоқталып, олардың байлыққа қалай қол жеткізгенін баяндап берді. Депутаттың тізіміндегі адамдар:
Тимур Құлыбаев,
Дариға Назарбаева,
Нұрәли Әлиев
Кәрім Мәсімов
Владимир Ким
Кеңес Рақышев
Сауат Мыңбаев
Александр Машкевич,
Патох Шодиев
Болат Өтемұратов,
Болат Назарбаев
Ахметжан Есімов,
Қайрат Боранбаев
Александр Клебанов, және оның ұлы Яков
Нұрлан Нығматуллин, Бауыржан Байбек, Марат Бекетаев
Әлия Назарбаева
Қайрат Сатыпалды
Самат Әбіш.
Парақшамызға жазылыңыз