Өткенде Ұлыбритания Парламентінің депутаты Маргарет Ходжының (Margaret Hodge) Қазақстанның бұрынғы билігінің біраз адамдарының атын атап, оларға санкция салуды сұрағаны жайлы жазған едік. Депутат жекелеген адамдарға арнайы тоқтап, олардың қандай іспен айналысқандығын айтып өткен болатын. Біз депутаттың атын атаған адамдары және олар жайлы айтқан сөздерін оқырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Тимур Құлыбаев пен оның әйелі, Назарбаевтың қызы Динара Назарбаева және олардың серіктесі Арвинд Тику. Деректер Тимур Құлыбаевтың қызметін асыра пайдаланып, байлығын еселеумен ғана айналысқандығын айтады. 2020 жылы Financial Times басылымы Тимур Құлыбаевтың ірі мемлекеттік құбыр келісім шарттары арқылы табыс табудың құпия схемасын жасағанын жазады. Басқа да ақша жымқыру және пара алу фактісі бойынша жасалған зерттеулер оның атын атайды. Forbes мәліметі бойынша оның байлығы 2,9 миллиард доллар. Оның Ұлыбританияда құны 60 миллион фунт стерлинг тұратын жылжымайтын мүлкі бар.
Дариға Назарбаева және оның заңды некеге тұрмаған күйеуі Қайрат Шарипбаев. Дариға Назарбаевтың үлкен қызы. Forbes мәліметі бойынша Дариға Назарбаева $595 миллион долларға жететін байлығы оффшорлық компанияларда, қорлар мен трастарда аса күрделі жүйеде жасырылған. Оның Лондондағы үш жылжымайтын мүлкі жайында байлықтың қайдан келгенін дәлелдеуге қатысты сот болғанымен, сәтсіз аяқталған еді. Дегенмен Source Material тергеушілері Назарбаева Ұлыбританияның Жоғарғы сотын шатастыруы мүмкін деген ой айтады. Сондай-ақ, Шарипбаев “Назарбаевтар отбасының банкі” саналатын қазақстандық Bank RBK банкінің 334 миллион долларлық алаяқтығының бенефициары болып есептеледі.
Нұрәлі Әлиев Дариғаның ұлы және бұрынғы билеушінің жиені. Әлиев 21 жасында Nurbank деген қазақ банкі (атасының атымен аталған) төрағасының орынбасары, 22 жасында төрағасы болған. Ұлыбритания сот құжаттары оның 2008 жылы белгілі бір компания арқылы банкіден $65 миллион доллар несие алғанын, кейін ол компания тағы бір несиені рәсімдеуге көмектескенін айтады. Нұрәлидің заңгерлері ол осы қаржының жартысын пайдалана отырып Бишопс-авенюден (Bishops Avenue) құны £39.5 миллион болатын үйді сатып алған.
Кәрім Мәсімов және Айгүл Нұриева. Financial Times басылымы жазғанындай Кәрім Мәсімов парақорлыққа қатысы бар тұлға ретінде айыпталған, соның ішінде Ұлыбританияда тіркелген компаниядан пара алғандығы жайлы айып тағылған Қазақстанның бұрынғы Премьер Министрі. Ол Airbus компаниясынан 45 тікұшақ сатып алу кезінде пара алды деп айыпталады. Нұриева Кәрім Мәсімовтің сенімді адамы әрі қазақстандық банкир. Оның өзі шведтік Teliasonera телекоммуникация компаниясынан 64 миллион доллар көлемінде пара алғаны жайлы скандалға қатысы бар адам ретінде аталады.
(жалғасы бар)
Парақшамызға жазылыңыз
[…] Дереккөз: minber.kz […]