Мәжілісте бір топ депутат жаңа спикер Ерлан Қощановқа Үндеу жариялап “Жаңа Қазақстан” атты депутаттық топ құратынын ресми мәлімдеген. Үндеу “Нұр Отан” партиясы атынан сайланған депутат Еділ Жаңбыршиннің атынан жарияланған. Оған бас аяғы 31 депутат қол қойған:
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешуге қызмет етеді. Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі. «Жаңа Қазақстан» депутаттық топтың қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз” делінген онда.
Парақшамызға жазылыңыз