////

Ресей-Украина: Ресей Киевті Донбассқа оқ атты деп жалған айыптап отыр ма?

2782 рет қаралды

Қазір бүкіл әлемнің назары екі ағайынды славян мемлекеті Ресей мен Украинаның шиеленісіп бара жатқан ара қатынасына ауып отыр. Америка Ресей Украинаға 16 ақпанда шабуыл жасайды деп сәуегейлік жасаған еді. Бірақ дәл сол күні Ресей Украина шекарасындағы әскерін кері қайтарып жатқандығын мәлімдеген болатын.

Осымен екі ел арасындағы ушыққан жағдай қалпына келіп, мәселені дипломатиялық тұрғыдан шешу мүмкіндігі болатын шығар деп ойлаған едік. Олай болмай шықты. Қазір өзін өзі жеке ел деп таныған сепаратистік Донецк өңірінде соғыс өрті тұтануы мүмкін жағдайлар болып жатыр. Донецк халықтық республикасының өкілдері ресми Киев Минск келісімін бұзып, Донецкідегі  бейбіт халыққа оқ атты деп кінәласа, Батыс бұны Ресейдің өзінің қитұрқы әрекеті деп бағалайды, ал ресми Киев жоққа шығарып отыр.

Сонымен халықаралық БАҚ жағдайды қалай сипаттауда?

Ресейлік www.independent.co.uk басылымы “Putin could invade ‘without further warning’ as Russia to stage nuclear drills” деген мақала жариялады. Ұлыбританияның Қорғаныс министрі “Украина шекарасындағы Ресей әскерлерінің қайтарылғаны туралы ешқандай дәлелді көріп тұрған жоқпыз. Ресей Украинаға кез келген сәтте ескертусіз соғыс ашуы мүмкін, өйткені олар қазір шекарада ядролық қаруын сынап жатыр” делінген онда.

Басылым Донецк халықтық республикасының өкілдері бүгін, яғни Жұма күні, ақпанның 18-інде таңғы сағат 5.30-да Украина жауынгерлері Петривск ауылына оқ жаудырғанын айтып, ресми Киевті кінәлап жатқанын айтады. Сондай-ақ, мақала АҚШ Президенті Д, Байденнің Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы сөзсіз, әрі ол бірнеше күнде басталуы мүмкін деген болжамын жазады.

фото: lenta.ru

Ал news.sky.com Украина шекарасындағы Ресей жауынгерлерінің саны 30-қаңтармен салыстырғанда шамамен екі есеге артты дейді. Басылым ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) мәліметіне сүйене отырып, 30-қаңтарда мұнда 100 мың жауынгер болса, қазір шамамен 160-190 мыңға жеткенін жазған.

Батыс Ресейдің және өзін өзі жеке ел деп жариялаған Донецкінің ресми Киевті Донбасс өңіріне шабуыл жасады деп айыптауы, Украинаға басып кіру үшін жасалып жатқан қитұрқы амал деп есептейді. Ақпанның 17-сінде Донбасс өңіріндегі балабақшаға шабуыл жасалды делінеді әрі екі ересек адам зардап шеккен. Рейтер агенттігінің де дискурсы осы тақылеттес. Рейтердің жазуынша Ресей Батыстың Украинаға шабуыл жасау туралы жоспарын мойындамайды. Алайда Батыс елдері Ресейдің Украина шекарасына әскерді де, қару жарақты да үйіп төгіп жатқанын мәлімдеген. Бұл әдетте соғыс басталардан бұрынғы картинаны елестетеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен егер Ресей соғысты алғашқы болып бастамаса, Ресейдің Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавровпен алдағы аптада кездесуге келісіп отыр. Дегенмен бейсенбі күнгі Украинаның шығысындағы атыс (бұл өңір Мәскеудің қолдауымен сегіз жыл бойы Киевке бағынбай келеді) әлемді дүр сілкіндірді. Әзірге қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ, дегенмен екі жақ та соңғы 48 сағатта атыстың күшейгенін айтады. ЕҚЫҰ мониторингтік тобы бейсенбіде атысты тоқтату туралы ереженің бұзылғанын және соңғы 24  сағатта 600 рет ережеге қайшы әрекет жасалған, оның 300-і атыс болғанын айтқан.

Британдық Бибиси корпорациясы Ресей мен Украина шекарасындағы Ресей жауынгерлерінің санын 130 мың деп көрсетеді.
Ресей Украинаға шабуыл жасайтын жоспарының жоғын қайта қайта айтуда. Бірақ, қауіп күшейіп келеді. Ресей 2014 жылы Украинаны басып кіріп, оның территориясын бөліп алған. 100 мыңнан астам Ресей жауынгерлері Украина шекарасында топтастырылды, тағы 30  мың әскер Украина мен Беларусь шекарасынан  1084 км (674 миль) қашықтықтағы Беларусь әскерилерімен жаттығулар өткізіп жатыр. Президент Джо Байден олардың санын 150 мыңға жеткізіп отыр. Ресей Қорғаныс министрі Әскери жаттығулар аяқталғаннан кейін оның жауынгерлері кері қайтады деген еді. Алайда әскери жаттығулар әлі жалғасуда әрі Беларусь территориясында бұл жаттығу 20-ақпанға дейін жалғаспақ.
Көптеген Батыс мемлекеттері Украина территориясындағы азаматтарын кері шақырып жатыр. Украина президенті Владимир Зеленский Батысты паникаға жол бермеуге шақырды, ал Франция президенті Эмманюэль Макрон Путиннің негізгі мақсаты қорғаныс саласында ерекше бір келісімге қол жеткізу деп ойлайды.
Бибиси Ресейдің негізгі мақсаты Украинаның НАТО-ға мүше болмауына кепілдік алу деген пікірде. Путиннің ойынша егер Украина НАТО-ға мүше болса, бұл Альянс Қырым түбегін қайтарып алуға шындап кірісуі мүмкін.
 

Ресей НАТО-ның 1997 жылғы шекарасына қайтуын қалайды. Мәскеу НАТО-ның Шығыс Еуропаға қанат жайып, Ресейдің ықпал ету территориясын тарылтып бара жатқанына қынжылады.  Ол сондай-ақ, АҚШ-ты Орталық Еуропа, Шығыс Еуропа және Балтық елдерінен барлық күштерін алып кетуді сұраған.
Путин Батыс 1990 жылы шығысқа қарай бір қадам да аттап баспауға уәде берген, бірақ ол уәдесін орындамады дейді. Алайда, бұл уәде Советтер Одағы құлағанға дейін болған әңгіме. Бұл уәде Шығыс және Батыс Германияның қосылуы кезінде сол кездегі СССР президенті Горбачёвке берілген еді. Кейін НАТО  тақырыбы Горбачевпен ешуақытта талқыланбаған.

Кешеден бері Донбасс өңіріндегі Украин тарапынан атылды делінген оқты Батыс Ресейдің қолымен жасалып отыр деген сенімде. Ресей Украинаның сепаратистік өңірлерінде 700,000 паспорт таратқан, демек олар өз азаматтарын қолдау мақсатында соғыс аштық дегенге жақсы сылтау болады. АҚШ та өзін өзі жариялаған ДХР жалған ақпарат таратып отыр деп есептейді. Қалай дегенмен де, жағдай ушығып бара жатқан сияқты.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар