//

15 жылда 5 миллиард теңге жұмсалды

2003 рет қаралды

AYALA Қайырымдылық қорының жұмысы  негізгі үш бағытқа негізделген:

  1. Нәрестелер мен балалар өлімін азайту;
  2. Жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау;
  3. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету.

 Қордың  басты тәсілі – тиімді қайырымдылық. Демек, демеушілердің қаражаты мен қазақстандықтардың қайырымдылық жарналары бір жолғы көмекке емес, жылдар бойы жұмыс істейтін жобаларға жұмсалады.

Тек 2021 жылы қор ірі демеушілер мен қазақстандықтардың қайырымдылық жарнасы түрінде 480 млн теңгеден астам қаражат жинады, оның 216 млн теңгесі Қазақстанның 12 перинаталдық орталығында 80 жаңа медициналық техника сатып алуға және орнатуға бағытталды. Алдағы 5 жылда бұл мыңдаған нәрестенің өмірі мен ақыл-парасатын сақтап қалуға көмектеседі.

AYALA қорының президенті Айдан Сүлейменованың айтуынша сатып алған медициналық жабдық бірнеше жыл жұмыс істейді:

«Сондықтан біздің қор 15 жыл бойы балалар реанимациясына арналған жабдықтармен жұмыс істейді және балалар дәрігерлерінің – неонатологтардың, ортопедтердің, кардиохирургтардың, реаниматологтардың біліктілігін арттырумен айналысады»

 15 жыл ішінде 2,2 млрд теңгеден астам қаражат қазақстандық денсаулық сақтау мекемелерінде балаларды құтқару және күтіп-бағу жұмыстарын жетілдіруге бағытталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қордың балалар өлім-жітімі көрсеткішін төмендетуге қосқан үлесін ерекше атап өтті, екіжақты келісім нәтижесінде «Тыныс ал, балақай» және «Басқарылатын гипотермия» жобалары бойынша ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды.

2021 жылдың ақпанынан бастап 100-ден астам дәрігерді оқытқан неонатолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша тегін онлайн-платформаны іске қосу идеясын қолдады. Қордың алдағы жылы балалар мүгедектігін қысқарту мәселесіне ден қоюды жоспарлап отыр.

«Өкінішке орай, Қазақстанда мүгедек балалар саны қарқынды өсуде. Соңғы 5 жылда бұл сан екі есеге артып, 100 мыңнан асып кетті немесе шағын қала халқының санына жетті. Баланың өмірін сақтап қалу өте маңызды, бірақ одан да маңыздысы оны функционалды түрде сау қалдыру. Сондықтан бірнеше жылдан бері біз балалар реанимациясын балалардың мүгедектігін азайтуға көмектесетін құрал-жабдықтармен және емдеу технологияларымен қамтамасыз етудеміз», – дейді Айдан Сүлейменова.

2017 жылдан бастап қор оқытқан дәрігерлерд 200-ден астам баланың өмірін сақтап қалды. Қордың тағы бір жетістігі  ретинопатиямен шала туған нәрестелердің көру қабілетін сақтау жұмыстарына белсене араласып,  Денсаулық сақтау министрлігімен бірқатар кездесулер өткізді. Нәтижесінде осы ауруды дәрі-дәрмекпен емдеу жөніндегі хаттама жасалды. Сондай-ақ, көздің  торын коагуляциялауға арналған 4 лазерлік қондырғы мен екі офтальмоскоп сатып алды. Офтальмолог дәрігерлер үшін тегін бейне курстар түсіруді жоспарлануда. 6 ретиналды камера мен 11 офтальмоскоп сатып алу үшін демеушілермен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Ашықтық әрі әр істің есебін жариялау қордың ісінің шынайылығын көрсетеді. Ayala.kz сайтында 2007 жылдан бастап барлық қаржылық есептер және 2016 жылдан бастап KPMG тексерген барлық аудиторлық есептер жарияланған.

 

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар