//

Халық театрлар одағы құрылды

1347 рет қаралды

Бүгін Қарадалада “Жаңа Қазақстан – жаңа руханият”  тұңғыш аймақтық фестивалі өтті. Аспантаудың аясындағы  дүбірлі думанға   “Хантәңірі”, “Қаракемер”, Кеген халық театры, “Талғар қуыршақ театры”, Қарасай аудандық “Жастар театры” және”Қарадала театры” қатысты.

Қонақ ретінде келген  Кербұлақ ауданының “Күреңбел” театры да  сахнада өнер көрсетіп, фестиваль бағдарламасына үлесін қосты.  Мерекелік бағдарлама аясында пантомима, көлеңке театры, поэзия,  драма, комедия, әфсана сияқты бірнеше театр өнерінің жанры сахналанып, көрерменнің көзайымына айналды. Театр, актер туралы өлеңдер оқылып, әндер айтылды.

Сондай-ақ, гастрольдік сапарлар,  бірге өткізетін шаралар жайлы келісімдер жасалды.

Фестивалдің негізгі жаңалағы – “Халық театрлар Одағы” құрылды. Аймақтық таетр фестивалін ұйымдастыру бастамасын қолға  алған белгілі режиссер Асқар Наймантаевтың бұл ұсынысы да бір  ауыздан қолдау тауыпты:

“Бүгінгі фестиваль тек қана театр күнін атап өтіп, ас ішіп, аяқ босататын шара болмауын қалап, басты мақсат осындай ауылдық театрлардың жоқтаушысы, арқа сүйері болатын қоғамдық ұйым ұйымдастру болса екен деп ойлап едім. Сондықтан “Халық театрлар Одағын” құрсақ деген ұсынысым бар ” – дегенім бір ауыздан қолдау тапты»

«Халық театрлар Одағының» басқарма алқасына барлық театрлардың жетекшілері сайланды. Енді одақ төрайымы- Ұйғыр аудандық Мәдениет үйінің директоры Салтанат Ермұхаметова. Одақ төрайымы бұл – заман талабы екенін атап өтті:

«Халық театрлар Одағының мақсаты: ауылдық театрлар, драма үйірмелері көптеп ашылуда. Бірақ көпшілігінде штат жоқ. Мәдениет үйлерінің шараларын өткізуде театр керек екені айдан анық. Заман талабы да солай. Сол штат мәселесі және осы театрлардың гастрольдік сапарларын ұйымдаструдың да, театр актерларының, ұжымның жоғын жоқтап, кем-кетігін толтырып, құқығын қорғау үшін де осындай қоғамдық ұйым керек қазіргі кезде. Мүше болғысы келетін республикамыздың барлық халық театрларына қарсылық жоқ!»

Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған тұңғыш аймақтық театр фестиваліне қатысқан сахна саңлақтары да одақтың дер кезінде құрылғанын құптайды:

Еркін Рахымжан

«Хантәңірі» халық театрының актері:

Асқар ағамыз бүгін картопты жарды! Біріншіден, фестивальдің өту деңгейі өте жоғары болды. Екінші, мына отырыста бәріміздің көкейімізде жүрген проблемаларды: гастроль ұйымдастыру, театр суретшісі мен гримерін оқыту, форумдар өткізу, ең бастысы – Одақ құру мәселесі! Қос қолдап тұрып қолдайтын дүние бұлар.

Берік Рақымжанұлы,

«Күреңбел» халық театрының  режиссері:

Аудан, облыс емес, мемлекет деңгейінде шешілетін мәселе көп халық театрларында.  Одақ сол үшін керек! Өте керек!

Кеңес Баймұханов

Талғар аудандық мәдениет үйінің директоры:

Халық театры шалғай аудандарда қажет екенін уақыт өзі дәлелдеп берді. Бір жылда бірнеше театр ашылды. Енді оларға жол көрсетіп, қамқор болып, жоқ дүниесін түгендеп, жоғары жаққа мұң- мұқтажын жеткізетін осындай Одақ керек еді. Дәл уақытында қолға алынған әрекет бұл!

«Қазақстан театр қайраткерлері» одағы мерекелік бағдарлама соңында барлық театр әртістерін, дыбыс режиссерін, шаруашылық меңгерушілерін  “Сахна серісі”, ” Сахна сымбаты”, “Сахна саққұлағы” сияқты дипломмен марапатталды.

Келесі жылы аймақтық фестивальді өткізу  эстафетасы Қарасай аудандық “Жастар театрына» жолданды

.

Парақшамызға жазылыңыз

Ботагөз Жөкен

Ботагөз Жөкенқызы.
1999 жылы әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп,
2001-2003 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
1999- 2001жылдар аралығында «Алтын орда» газетінде тілші,
2003-2005 жылдар аралығында "НТК" телеарнасында редактор, 2005-2016 жылдар аралығында «Алматы" телеарнасында редактор қызметін атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы байқаудың лауреаты.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар