///

Наурыз құтты болсын, Ақ мол болсын!

2122 рет қаралды
фото: otyrar.kz

Ұлыстың ұлы күні, наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын,  ағайын!

Ақтөбе облысында өткізілген наурыз өзге мерекелерден ерекше болды. Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақтағы үлкен шарада, елеулі түрде мереке қарсаңындағы дайындық 15 наурыздан басталып кетті.  Қаламыздың ЖОО орындары мен театр, оркестр, мәдениет үйлері, ансамблдері бір сахна төрінде жиналып бас қосты. Осындай керемет кешке әрбір қаладан қонақтар шақырылған болатын.  Соның ішінде Маңғыстау облысының, Маңғыстау телеарнасының жүргізушісі Махмутова Мөлдір. Журналистің айтуы бойынша “әсем қала Ақтөбенің әр мейрамы жоғары дәрежеде аталып өтіледі бірақ, наурыз мейрамын әр жыл сайын асыға күтіп осы жерге келемін. Кішкентай жас кезімде осы наурызға қатысып билеп, көріністер қоятын едім. Міне кәзір қонақ болып келіп отырмын”-дейді.

“21 наурызда Ақтөбе мен аудан орталықтарында тұрғындарды Наурыз мейрамына шақыратын “Жарапазан” мерекелік керуені өтеді. 22 наурызда облыс бойынша халықтық серуендер, театрландырылған бағдарламалар, ұлттық спорт жарыстары өтеді”, – деді Маржан Қорғанбаева.

Қала тұрғындарынан сұрайтын болсақ,

-Жыл сайын осылай таңертең ерте тұрып осы саябаққа отбасымызбен жиналып келетін едік бірақ, карантинге байланысты 2 жыл болмай қалды. Міне енді аспанымыз ашылып, еліміз тыныш жұртымыз аман боп тағыда Ұлыстың ұлы күнінде жиналып отырмыз. Осылай ұйымдастырып жатқан Ақтөбе облысының әкімдігіне, осындай өнер сүйгіш жастарына рахмет!

21 күні Learning оқу орталығы Мерекеге байланысты ырымдап қазақтың салт-дәстүрін оқушылары болып ұйымдастырып көрсеткен болатын. Қазақ салт-дәстүрге бай ел сырға салу, бесік той, құда түсуді көрсеткен болатын.

орталық директоры Нұртазина Гүлмира апайдың айтуынша:

  • Біз қазақ халқы ертеден жаңа жыл деп Наурызды санағанбыз. Өскелең ұрпаққа сендерге соны жеткізу мемлекетіміздің болашағы сіздердің қолыңызда екендігін бағыштау біздің мойнымызда. Ұлттық тағамдар мен салт дәстүрімізді,  дәстүрлі көйлектерімізді тек қана наурыз мерекесінде еске алмай, барша халыққа еңсемізді тік ұстап паш ету осы жастардың қолында. Біз жастарға сенеміз!

Ақтөбе облысының дәстүрі бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспенат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Аруна Құралбаева, Ақтөбе, 11 сынып оқушысы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар