ҚазТАГ ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматуллин Қазақстаннан наурыздың ортасында кетіп қалған екен.
Басылым бұрынғы саясаткердің бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталғаннан кейін Қазақстаннан кетуді жөн деп тапқан деп жазады. Нығматуллин Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға өзінің жеке ұшағымен ұшқан, сосын Comlux компаниясының ұшағымен Бакуге бет алған.
orda.kz сайты “Нұр Отан” партиясының хатшысы болған Бауыржан Байбектің қазір Біріккен Араб Эмираттарына 15 наурызда жол тартқанын айтады.
Бірақ бұл ақпараттар ресми түрде әлі нақтыланған жоқ.
Парақшамызға жазылыңыз