//

Қайрат Сатыбалды тұтқындалды

1192 рет қаралды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды наурыздың 13-інде тұтқынға алынып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Қазақстанның Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлаған.

“Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі  “Қазақтелеком” АҚ мүлкін ұрлауға және өкілетті лауазымын асыра пайдалануға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Қайрат Сатыбалды ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды” делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қайрат Сатыбалдының мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқандығы айтылады ресми мәлімдемеде.

Жемқорлыққа қарсы агенттік Қайрат Сатыбалдының нақты қашан ұсталғанын айтпаған.

Қайрат Сатыбалды Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағасы Сатыбалды Назарбаевтың баласы.  Қайрат Сатыбалдының шешесі – Светлана Назарбаева «Дәуір» баспасының бас директоры, інісі Самат Әбіш – қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары қызметінен аластатылған болатын.

Қайрат Сатыбалды арнайы қызметте ұзақ жыл қызмет еткен – ол ҰҚК-інде 1991-1998  жылдар аралығында офицер қызметінде, Астана қаласы әкімінің орынбасары (1998-2000 жылдары), Kazakh Oil ұлттық компаниясының вице-президенті болып сосын қайтадан ҰҚК-іне оралады. Сөйтіп 2003-2005 жылдары басшылық қызметтерді атқарған. 2005-2006 жылдары «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясында вице-президент, 2006-2010 жылдары «Дүние» корпорациясы АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2010-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы, 2015  жылдан Alatau Capital Invest басқарушы партнері қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Қазақстанның ұлттық спорт түрлері ассоциациясын, “Көкбөрі” халықаралық федерациясын және “Ақ орда” республикалық қозғалысының жетекшісі.

Кейбір мәліметтер  Skyline Investment Company S.A. офшорлық компаниясының Қайрат Сатыбалдыға тиесілі екендігін айтады. Бұл компанияның акцияларының 22,01% «Қазақтелеком» акионерлік қоғамы иеленеді. Дәл осы акциялардың ұрлануына қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Сонымен қатар, 2018 жылға дейін Kaspi Bankінің ірі акциялар пакеті де оған тиесілі болған.

Қайрат Сатыбалдының аты сонымен бірге Қазақстандағы салафизмнің жарылқаушысы ретінде де аталады. Қазақстанның адам құқы және заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі халықаралық бюросының сайтында «Казахстан: «салафиты» во власти» атты мақалада оның “салафиттер” қорына маусым сайын $50 мың доллар аударатындығы және Алматы облысындағы Қосшы елдімекенінде “салафиттерге” арнап тағы бір мешіп салғандығы жазылған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар