24 наурызда Қайрат Ахметтаевтың төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың «Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев деп қайта атау туралы» мәселесі жөніндегі баяндамасы тыңдалды.
Шайкенова қала әкімінің атына «Қамқор жүрек» және «Қапшағай самға» мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, «Ана сәулесі» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық «Қапшағай қалалық полигоны» қоғамдық бірлестіктері сияқты түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен «AMANAT», «Ақ жол» партияларынан Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев» деп қайта атау туралы бастама қолдаухат келіп түскенін мәлімдеді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев»деп қайта атау туралы бірауыздан шешім қабылданды.
Айта кетейік, жария тыңдаудың хаттамасы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың интернет-ресурстарында және «Нұрлы өлке» газетінде жарияланды.
Парақшамызға жазылыңыз