Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы не жайында сөйлескенін өзінің Twitter парақшасында жазды.
Парақшамызға жазылыңыз“Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік.”-деді Мемлекет басшысы