Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан боксшыларының жетістіктерімен қуантты
Министрлік хабарлағандай ақпанның 21-27 аралығында Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа» халықаралық турнирі өткен. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде әлемнің 36 елінен 450 спортшы бақ сынапты.
Қазақ боксшылары жалпы командалық есепте 17 медальмен үшінші орынға тұрақтаған. Бірінші орынды Өзбекстан (6,0,1) спортшылары иеленсе, екінші орынға Ресей (5,5,11) құрамасы жайғасыпты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
I орын – Махмұд Сабырхан (54 кг)
I орын – Сағындық Тоғамбай (86 кг)
I орын – Назым Қызайбай (50 кг)
I орын – Валентина Хальзова (70 кг)
II орын – Дамир Әбдіқадыр (51 кг)
II орын – Дулат Бекбауов (67 кг)
II орын – Дина Жоламан (54 кг)
II орын – Ләззат Күнгейбаева (+81 кг)
III орын – Санжар Тәшкенбай (48 кг)
III орын – Тимур Қабдешов (51 кг)
III орын – Абзал Серік (63,5 кг)
III орын – Абзал Құттыбеков (92 кг)
III орын – Нұрлан Сапарбай (+92 кг)
III орын – Римма Волосенко (60 кг)
III орын – Дариға Шакимова (66 кг)
III орын – Надежда Рябец (75 кг)
III орын – Анастасия Баязитова (81 кг)
Ал, турнирдің жалпы жүлде қоры 200.000 АҚШ долларын құрап, Бірінші орын -4000, екінші орын-2000, ал үшінші орын үшін – 1000 қаржылай сыйақылар тағайындалған.
Парақшамызға жазылыңыз