///

Қазақстанда тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны 29%-ға азайған. Сіз бұған сенесіз бе?

4603 рет қаралды
фото: tumba.kz

Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2021 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жариялады.

Баяндаманы оқи отырып, агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен егжей-тегжейлі танысуға болады. Біз оқырмандарымызды да осы баяндамамен таныстыру дұрыс деп шештік. Себебі жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыс қандай нәтиже бергенін жұртшылық білуі тиіс. Әрі құжаттың мақсаты да қоғамды 2021 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы хабардар ету болып табылады.

Баяндаманың негізгі бөлімінде статистика жарияланған және Қазақстанда тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны 29%-ға азайғаны көрсетілген.

 Жемқорлық қылмыстың азаюына жүйелі алдын алу жұмысы  мен қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің нәтижесінде қол жеткізілгені айтылады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде ықтимал 100 баллдан 37 балл алып, 180 елдің арасында 102-орынды иеленіпті. Қазақстанның 2016 жылдан бері қарайғы индекстегі көрсеткіштері төмендегідей және біз былтырғы көрсеткішті бір баллға нашарлатыппыз.

 Transparency International баяндамасының қорытындыларына алдағы уақытта нақты тоқталамыз.

Елімізде ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстың түрлері қандай десеңіз, оны төмендегі кестеден көре аласыз. Олардың ішінде пара беру мен пара алу алдыңғы қатардан орын алған. Өткен жылмен салыстырғанда пара беру -9%, ал пара алу -21% төмендепті.

 Баяндаманың өзінде сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымында парақорлықтың үлесі жылдан–жылға өсіп келе жатқаны айтылады (пара алу және беру, парақорлыққа делдал болу).  Егер 2015 жылы бұл әрбір үшінші қылмыс болса (2733 жылғы қылмыстың 895-і), 2021 жылы –
67%-дан астамы (1557 жылғы қылмыстың 1 053-і). Бұл мемлекеттік аппараттың бюрократиямен және күрделі рәсімдермен байланысты жұмысында қауіпті аймақтардың бар екендігі туралы белгі беру деп баяндалған құжатта.

Құжаттағы мәліметтер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін: сотталғаны: 892 адам (2020 жылы – 1 021), олардың ішінде:

ішкі істер органдарының – 207 (254),

әкімдіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің – 150 (211),

оның ішінде әкімдер – 5 (19),

қаржы министрлігінің – 34 (67),

ауыл шаруашылығы министрлігінің – 19 (18),

денсаулық сақтау министрлігінің – 16 (5),

ұлттық қауіпсіздік органдарының – 10 (5),

экономикалық тергеу қызметінің – 4 (7),

прокуратураның – 3 (6) қызметшілері,

судьялар – 3 (5)  екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, баяндамада жалпы статистиканың төмендеуіне қарамастан,

  • аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың (10%-ға),
  • ұсталғандардың (10%-ға, 216-дан 235-ке дейін),
  • тұтқындалғандардың (13%-ға, 197-ден 223-ке дейін)
  • бас бостандығынан айыруға сотталғандардың (7%-ға, 269-дан 289-ға дейін) саны өскені көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізетін, сол үшін жауапты органдар осы іске қандай үлес қосқан? Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі (тіркелген қылмыстар саны) келесідей:

 Бұл Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасының негізгі бөліміне ғана шолу болды. Алдағы уақытта да баяндаманың жұртшылық үшін пайдалы әрі қызықты болатын бөлімдерін жариялаймыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар