“Немцы захватили мегаяхту российского миллиардера Алишера Усманова”-деген хабар жарияланды.
Журнал дереккөздерінің ақпары бойынша, Усмановтың шамамен 600 миллион доллар тұратын 156 метрлік Dilbar яхтасын Гамбург билігі тәркілеген. 2020 жылдың қазанынан бастап яхта Гамбург кеме зауыттарында қайта жабдықтау үшін болған.
Миллиардер Украинадағы жағдайға байланысты санкциялар тізіміне енгізілген.
Басылымның мәліметінше, миллиардер яхтаны 2016 жылы 600 миллион долларға Lürssen кеме жасау компаниясынан сатып алған. Яхта жеке тапсырыс бойынша 52 ай көлемінде дайындалған. Фирма өкілдері бұл “көлемі жағынан да, технологиясы жағынан да бұған дейін жасалған кемелердің ішіндегі ең қиыны екенін” жеткізген. Сыйымдылығы 15 917 тонна, әлемдегі ең үлкен моторлы яхта және экипажы 96 адамнан тұрады. Dilbar яхталардағы ең үлкен бассейн бар, сондай-ақ екі тікұшақ алаңы, сауна, сұлулық салоны, спортзал және 12 люкс бар.
Парақшамызға жазылыңыз