Украинадағы кескілескен соғыстың аяқталар түрі көрінбейді. Бүкіл әлем Украинаны қолдап отырса да, Ресей өз позициясынан бас тартатын түрі жоқ. Оның соңы немен аяқталатыны да беймәлім.
1. Беларусь қарулы күштерінің бас штабындағы бір генарал соғыстан бас тартты. Себеп ретінде, Украина үшін соғысқа қатысып жатқан беларусь азаматтарының көптігін айтуға болады. Халық та әскер де соғысқа наразы. Ал соғыста жүрген Ресей әскерлерінің соғыс техникаларын тастап кетіп жатқаны туралы мәліметтер жиі таралды.
2. Ресей соғыс тәсілдерін қайта қарап, әуе шабуылы мен зымырандарға басымдық беруде. Украинаның солтүстігіндегі бір әуежайды жойғаны хабарланды.
3. НАТО Украинаны мүшелікке қабылдауға құлықты болмай шықты. Басты себеп ретінде, жанармай мен газдың тым қымбаттауы және Украина мен Ресей арасындағы келіссөз үшін мүмкіндік қалдыру болу мүмкін.
4. Украина отан қорғау жасағы жиі шабуылға өтіп жатыр. Бірнеше Ресей ұшағы атып түсірлгені және ұшқыштардың тұтқынға түскені жарияланды. 52 елден 20 мыңға жуық ерікті Украинаға көмекке келуге өтініш берген. Беларусь, Грузия, Чечен, Израиль азаматтары соғысқа кірді.
5. Ресей оңтүстіктегі АЭС-ті де басып алуы мүмкін. Бұл Еуропа Одағының зәресін ұшырары сөзсіз. Басып алған елді мекендерде қарапайым азаматтарды атып тастау жиілегендігі айтылған.
7. Ресейде ғаламтор оқшауланып, сауда орталықтары жабылып, зауыттар тоқтауда. Наразыларды ұстау жалғасты. Қазақстан, Қырғызстан елдерінде де соғысқа қарсы наразылықтар өтті. Украинада гуманитарлық дәліздер ашылды.
8. Соғыстың жаңа толқыны басталуы мүмкін.