Құрметті журналистер, әріптестер!
1.Нақтылық пен дәлдік. Конфликті туралы өткір мәселелерді жазғанда фактчек жасаңыздар, хейт спич (өшпенділік тілі) қолданбаңыздар;
2.Тараптардың пікірін теңдей беруге тырысыңыздар;
3.Барлық ақпаратқа күдік-күмәнмен қараңыздар: сыни ойлау дағдысын іске қосыңыздар, деректерді тексеріңіздер, фейк ақпарат пен кликбейт тақырыптардың құрбаны болмаңыздар;
4.Өткір мәселелерді жазғанда «Зияның тимесін» деген принципті ұстаныңыздар;
5.Цитата, фото, видео пайдалансаңыздар, дереккөзін көрсетіңіздер;
6. Онлайн кеңістікте медиа қызметкерлерінің міндеті – ақпаратты аудиторияға бейтарап жеткізумен шектелмейді, сонымен бірге, аудитория қалдырған комментарийлерде өшпенділік тілі мен жалған ақпарат таралмауын қадағалауға тырысуы керек.
Журналистика – стреске бейім мамандықтың бірі, сондықтан дендеріңіздің саулығын ойлаңыздар. Эмоцияның жетегінде кетпеңіздер, қақтығыс аймағында жұмыс істейтін әріптестер жеке басының қауіпсіздігін ойласын.
Құрметпен,
Медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитеті
Комитет төрағасы Жұлдыз Әбділда