Облыстың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша екі учаскеде автожолдарды; Жәнібек-Таловка автожолының 120 шақырымын және жергілікті маңыздағы Қошанкөл – Қараоба автожолының 52 шақырымын cу шайып кеткен.
Қазіргі уақытта жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға жергілікті атқару органдарынан – 9 адам, 2 бірлік техника тартылған. Жағдай бақылауда.
04 сәуірде Қошанкөл ауылдық округінің әкімінен жергілікті маңыздағы Қошанкөл – Қараоба автожолының 52 км. учаскесінде Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылынан ауысқан еріген қар суының келгені туралы хабар жеткен. Егер олар таситын болса Қошанкөл ауылының жанында қазылған дуал арқылы өзенге шығады. Елді мекендер мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Жағдай өзгеріссіз, үнемі бақылауда.
Облыстық маңыздағы Федоровка-Ақсай автожолының 80 км судың деңгейі төмендеуіне байланысты судың тасуы тоқтады, қозғалыс көліктің барлық түрі үшін ашық.
Аудандық маңыздағы Қаратөбе-Қаракөл автожолының (топырақ) 38 км учаске жолдың шайылуы бақылауда.
Шыңғырлау ауданындағы барлық шайылған автожолдардың 10 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қалпына келтірілді.
Шыңғырлау ауданы Алмазный ауылына кіреберіс жолындағы су өткізу құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқару органдарының 15 бірлік техникасы тартылған.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлағандай 06 сәуір күні
облыс әкімі Ғали Есқалиев Жәнібек ауданына шығып кетті.
Тасқала ауданында Деркул өзеніндегі судың деңгейі 05 сәуірде 400 сантиметрге жеткен, егер ол 540 сантиметрге жетсе жағдай күрделенеді. Тасқала ауданын су басу қаупі сақталуда.
Облыстың төтенше жағдайлар қызметінен 12 адам, 2 бірлік техника, 3, мотопомпа, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар қызметінен 16 адам жеке құрамнан, 2 бірлік техника, 3, мотопомпа, 2 жүзу құралы, ЖАО 71 адам, 10 бірлік техника, 8 бірлік мотопомпа жұмыс жасауда. Жағдай бақылауда.
Ақжайық ауданы Алғабас ауылында 05 сәуір күні су тасқынының алдын алу үшін бірқатар жұмыстар атқарылған. Жұмыстарға Адғабас ауылының жергілікті атқарушы органдары, Батыс Қазақстан облысының, Маңғыстау облысының құтқарушылары тартылған.
Парақшамызға жазылыңыз