//

Қарағанды облысы: Қарттар үйі тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқырған

998 рет қаралды
фото: Ақ Жайық

Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы Қарттар үйінің қызметкерлері қарттар мен мүгедек жандардың зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқырып келгендігін мәлімдейді.

“Қаржы мониторинг агенттігі Қарағанды облысындағы Қарттар үйіндегі зейнетақы мен жәрдемақыны ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл үйдің қамқорлығында 90 адам бар. Оның 30-ы мүгедек жандар, 60-ы зейнеткер” – делінген мәлімдемеде.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3 бабының 3 тармағы бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

“Қарағанды облысының Қарттар үйінің басшысы мен әлеуметтік қызметкері уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қарағанды облыстық соты аталған мекеме басшысын екі айға қамау жөнінде шешім қабылдады”.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар