«Жетісу келіндері орталығы» қоғамдық бірлестігі туралы не білеміз?

1384 рет қаралды

«Келіні жақсының-керегесі алтын» деген халық үшін, ошақтың отының сөнбеуі тікелей келінге байланысты. Бір әулеттің түтінін түзу түтетіп отырған ибалы келіндер жетерлік. Дәл осындай ар-ибасы мен мәдениеті тонның ішкі бауындай қабысқан нәзік жандыларды қолдау үшін «Жетісу келіндері орталығы» ҚБ құрылған.
Бүгінде бірлестіктің жұмыс жасап жатқанына 2 жыл толып отыр. Оның құрамында -10 құрылтайшы, сонымен қатар 114 ерікті мүшесі бар.
Бірлестіктің негізгі қызметі- үйде отырған келіндердің кәсіптік сауаттылығын арттыру, ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік белсенділігікті арттыру мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар, мастер класстар дөңгелек үстелдерді жүргізу.
«Басты мақсатымыз келіндерді жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламарды әзірлеу және жүзеге асыру. Келіндердің бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, қалалық, облыстық іс-шараларды өткізіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеу»,-дейді «Жетісу келіндері орталығы» ҚБ директоры Арайлым Әлімжанова.
Осы күнге дейін Жетісу келіндері орталығы 9-келінге психологиялық көмек көрсетсе, 1- келінді қыстық отынмен толық қамтамасыз еткен. 3-келінге қайырымдылық көмек көрсетіп, 16-келінді арнайы «сам себе визажист» курсына қабылдап, 7-келінге «кондитерлік» мастер класс өткізген.
Жетісулық келіндердің ең көркемін анқытауға бағытталған «Жетісудың- үздік келіні» байқауы аталмыш бірлестіктің төл жобасы. Ел арасында кеңінен танылған келіндер арасындағы сайыс осымен 3-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Арайлым Нұржанқызының айтуынша, бірлестік құрылмай тұрып «Жетісудың үздік келіні» атты жоба дүниеге келген. Алматы облысының түкпір-түкпіріндегі таңдаулы келіндердің басын қосатын жобаға қатысуға биыл 70 өтініш келіп түскен. Олардың 14-і ақтық кезеңге жолдама алған.
Биылғы жылы «Жетісудың үздік келіні-2022» атағы көксулық Айнұр Алтынбековаға бұйырды.
« Финал 4 кезеңнен тұрды. Байқау барысында өзімізді таныстырып, ұлттық тағам әзірлеп, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз өнерімізді көрсеттік. Әділ қазылар лайықты бағасын беріп отырды. Жинаған ұпай сандары бойынша бас жүлдені қанжығама байлау бұйырды. Бірақ, мен айтар едім, осы сайысқа қатысқан әр келін үздік»,-деп атап өтті Айнұр Алтынбекқызы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Жетісу келіндері орталығы» ҚБ арнайы ән жаздырып, бейнебаян түсіруде. Тың туынды жуық арада көрермен назарына ұсынылады деп күтілуде.

JetisuMedia

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар