“9 қабырғасын сындырған”- Алматы облысында қоғамдық резонанс тудырған жағдай

2555 рет қаралды
1
караван

Алматы облысында қожалық иесі өзінің мал бағатын жұмысшысын көлікпен қағып, балаларының көзінше аяусыз соққыға жыққан.  Бұл туралы Талдыкурганец инстаграм парақшасы жариялады. Азаматты қожайыны соққан. Ал таяқ жеген адам оның малын баққан. Оқиға Ақсу ауданында болған.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

“2 мамыр күні Ақсу аудандық ауруханасына ауыр дене жарақатымен 44 жастағы ер адам түскені жөнінде хабарлама келген. Анықталғандай малшы мен жұмысшы өзара сөзге келіп, жанжалдасып қалған. Содан соң, малшы екі кішкентай кәмелетке толмаған баласын және жолдасын алып, қожалықтан кетпекші болған. Бірақ жұмыс беруші «Lexus 470» көлігімен қағып, балалардың көзінше ағашпен соққыға жыққан”-деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аудандық полиция бөлімінің ақпаратына сүйенсек күдікті қазір қамауда отыр, көлігі тәркіленген.

Фермердің жұмысшысына көрсеткен озбырлығы әлеуметтік желіде резонанс тудырды.

“Біреуді инвалид жасады. Ал өзі ақшасымен құтылып кетпей, екі өмірде де жасағанын өтесін!”-деген сияқты пікірлерге көз сүрінеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

1 Comment

  1. […] қағып, балаларының көзінше аяусыз соққыға жыққанын жазған еді. Қазір соққыға жығылған адам жан сақтау бөлімінде. […]

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар