15-мамыр түс кезінде Алматы облысы, Текелі қаласы Қонаев көшесінің бойында жердің шамадан тыс ылғалдануының салдарынан лай көшкіні жүрген еді. Алғашқы кадрлар Ilovetekeli инстаграм парақшасында жарияланды.
Апатқа байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ресми ақпарат берді.
“15-мамыр күні 18:15-те Текелі қаласында лай көшкіні кезінде құлаған үйдің үйіндісінің астынан 2016 жылы дүниеге келген бүлдіршіннің мәйіті табылды”-деп хабарлады ТЖД.
“Көшкіннен зардап шеккен отбасылар уақытша мекенге орналастырылды және басқа да қажетті көмектер көрсетіліп жатыр. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Соның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады”-деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Парақшамызға жазылыңыз
[…] Күні кеше ғана Алматы облысы, Текелі қаласында табиға апат болып, 5-жасар қыз баланың қаза тапқаны туралы жазғанбыз. […]