//

Арыстанбек Мұқамедиұлы Тоқаевтан араша сұрайды

1768 рет қаралды
фото: Тенгриньюс

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры қызметін атқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жариялапты. 

Үндеуде экс министр өзінің шығармашылық жолын басынан аяқ баяндайды әрі соңынан Тұңғышбай Жаманқұловтың шырақ алып түскенін тілге тиек етеді. Сөз соңында Арыстанбек Мұқамедиұлы

“Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болса да әкем қазақ, шешем қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын”  – деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың атақты өлеңін  Міржақып Дулатұлы бабамызға тели отырып, бүкіл саналы өмірін Қазақ Елінің, ұлтымыздың игілігіне жұмсап келе жатқанын айтады.

“Осыдан бірнеше жыл бұрын “Феникс” көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғаны белгілі. Нақтылап айтқанда, «Феникс» киножобасы бойынша бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтіріліп, кинорежиссер Талғат Жаныбеков қамауға алынды.

“Оған қазақстандық белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың да тікелей қатысы болатын.

“Феникс” фильмінің шарты голливуд компаниясы “Aldamisa Entertainmentпен” жасалынды деген сөз жалған болып шыққан еді. Шын мәнінде, “Казахфильм” АҚ “T.K.TURAN UNIVERSAL BUSSINES” ЖШС-пен және ресейлік ООО “Альдамиса РУС” жасанды компаниясымен келісім жасалып, бюджеттен бөлінген 3 млн.доллар қолды болып кете жаздаған.

Сол Т. Жаманқұлов өз қорғаушысының көзінше “Феникс” фильмінің өндірісіне бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын толықтай мойындады. Жаманқұлов қаражаттың қолма-қол ақшаға айналдырылған дерегін де растады және бюджет қаражатының жеке мақсаттарға жұмсалғанын айтты.

Алайда, аталған өнер өкілдері түрлі айла-шарғыларымен мені қаралауға көшкен болатын.

Продюссер Тұңғышбай Жаманқұлов айыбын бетіне басқаным үшін, мені ата жауындай көріп, күні бүгінге дейін жөн-жосықсыз арызданып келеді.

Әрине, «қаһармандар» азуын көрсетуден қайтар емес. Кез-келген ілкімді сәтті пайдаланып, Өзіңіздің атыңызға, басқа да құрылымдарға еш негізі жоқ шатпақ шағымдарын шаршамай жазып келеді.

Оның ту сыртында кезінде Дариға Назарбаеваның, Бағлан Майлыбаевтың, Ермек Аманшаевтың тұрғанын және де солардың айтағы екені де белгілі.

Әлбетте, қисапсыз тексеру, тергеу амалдары да жүрді. Бірақ, менің ар-ұжданым таза! Жеке басымды қаралаған бірде-бір факт дәлелденбеді.

Кейінгі кезде, енді арыз иелері музейде кеткен бұрыңғы кінәраттарды да маған жапсыра салғысы келеді. Осыған орай, негізсіз тексерулерге тосқауыл болуыңызды сұраймын!” делінген 22 минутқа созылған үндеуінде.

Үндеу жасардан бұрын Арыстанбек Мұқамәдиұлының үйіне және Ұлттық Музейде тінту жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылған еді. Нақтыланбаған деректер оның суицид жасамақ болғаны туралы да айтқан.

Естеріңізде болса 2017 жылы Т69 млн теңгені жымқырды деген айыппен 3,5  жылға шартты ба бостандығынан айырылған. Тергеу амалдары дәлелдегендей “Қазақфильм” киностудиясы  «Феникс» фильмін түсіру үшін «Т.К.Turan Universal Business» ЖШС-на Т79 млн теңге бөлінген. Оның Т69 млн теңгесін Жаманқұлов жымқырды деп айыпталған. Жаманқұлов өзіне тағылған айыппен келіспеген еді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар