“Қызымды өліп қалды деп ойладым” 8 қабаттан құлай жаздаған қыздың анасы өз шындығын айтты

776 рет қаралды

8-ші қабаттан құлай жаздаған Нұрсұлтандық 3 жасар қыздың анасы Еуразия бірінші арнасына сұхбат беріп, өз шындығын айтты.

Қыздың анасы жалғысбасты, қос жұмыс істеуге мәжбүр екен.

“11 мамыр мен үшін өмірімдегі естен кетпес күн болды. Қызым балабақшаға бармайды, өзіммен бірге жұмысқа алып жүремін. Балабақшаға берейін десем, қымбат. 70 мыңнан төмен емес. Дотациямен берейін десем, менің баламның кезегі келгенше мектепке баратын уақыты болады”, – дейді жалғызбасты  ана.

Сол күні  алыс жолдан келгендіктен, анасы қызының ұйқысын қимай оны өзінің інісіне қалдырып кеткен. Сол күні бірінші рет үйге қалдырған. Аяқ асты інісін де жұмысқа шақырып, бала үйде жалғыз қалған көрінеді.

“Жұмысым жақын болған соң, барам да келем деп ойладым. Сол күні адамдар шулап жатты. Не болды десем “8-ші қабаттан бір қыз…” дейді. Мен өзімнің қызымды елестеттім. Қызымды өліп қалды деп ойладым. Одан кейін не болғаны есімде жоқ. Терезелерді жауып кеткенмін, тіпті оянып қалса терезеге шықпасын деп сақтанып, орындықтарды да балконға кіргізіп кеткенмін” дейді анасы.

Бірақ кішкентай бүлдіршін оянған соң анасын іздеген. Терезеге шығу үшін жұмсақ ойыншықтардан саты жасаған. Сол арқылы терезеге шыққан. Арғы жағы бәрімізге белгілі.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар