Күні кеше ғана Алматы облысы, Текелі қаласында табиға апат болып, 5-жасар қыз баланың қаза тапқаны туралы жазғанбыз.
Бүгін, яғни 17-мамыр күні Жанбота Тілеухан жер қойнына тапсырылды.
Анасы Гулнар Тілеухан 31-арнаға берген сұхбатында моншада болғанын, қызының үйде жалғыз ойнап отырғанын айтты. Үйдің сүт кенжесі ойнаған күйі лайдың астында қалған.
Ал Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өзінің Твиттер парақшасында қайғы жұтқан отбасыға үй берілетінін жазды.
Парақшамызға жазылыңыз