Ақтауда сарбаз патрульдік бағыттан қашып кетті. Бұл туралы Lada kz Новости города Актау ақпарат порталы жариялады.
ҚР Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Сарбазды іздеу жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.
Хабарламаға сүйенсек әскер қатарына шақырылған 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда түнгі сағат 22:55-те 4-шағын аудандағы патрульдік бағыттан кеткен. Ол ҚР Ұлттық ұланының “Ұлттық Ұлан” деген жазуы бар көк түсті формасын киген.
Ерекше белгілері: бойы 160-170 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара.
Парақшамызға жазылыңыз