//

Үніміз ақыры Парламентке жетті-ау: Мәжіліс депутаты Самат Мусабаев Қорғаныс министріне сауал жолдады

4948 рет қаралды
 
Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында бірнеше заң жобалары қаралды, олардың ішінде «Қазақстан мен Қырғыстан Республикалары арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде ҚР Қорғаныс вице-министрі С.Қамалетдинов баяндама жасады.
Аталған заң жобасы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Мусабаев Министрге сауал жолдады. Ол туралы депутат өзінің фейсбук парақшасында жазды.
 
 
“Сауалымды жолдай отырып, әріптесім Еділ Жаңбыршин екеуміздің атымызға елден келіп түсіп жатқан арыз-өтініштерді негізге ала отырып, сәуірдің 22 күні Қордайдан қаралы хабар келіп, қабырғамызды қайыстырған қайғылы оқиғаға қатысты сұрақ қойдым. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылының 18 жастағы тұрғыны Әлібек Қалбай Қорғаныс министрлігінің 30212 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге барып, қыршынан қиылғанын білеміз. Таңертеңгі сапқа тұру кезінде есінен танып қалған Әлібек, қажетті көмек көрсетілгенімен есін жимаған күйі көз жұмды.
Осыған байланысты С. Қамалетдинов менің қойған сұрағыма жауап беруден бұлтарып, тұшымды ештеңе айта алмады. Түйгенім – Қорғаныс министрлігінде өзге тілдерді біліп, өз тіліне құрметін жоғалтқандардың қатары қалың екен.
Осы орайда Мәжіліс Төрағасы Қошанов Ерлан Жақанұлы да қалыс қалмай, шенділердің бұдан былай Парламентке дайындықсыз келулерін доғаруды талап етіп, ҚР Үкіметінің өкіліне, осы мәселені бақылауға алу қажеттілігін басшылыққа жеткізуді тапсырды.
Қыршынан қиялған Маңғыстаулық жас сарбаздың жанұясы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз делінген онда.
 
 
 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар