////

My college қандай жоба? Ал сіз колледждерде құжат қабылдаудың 25 маусымда басталатынын білесіз бе?

2627 рет қаралды
фото: ашық дереккөзінен

Мінбер.кз сайты 31 мамыр күні «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жұмыспен қамту, колледждерге тапсыру» жайында тікелей эфир өткізіп, оған ҚР БҒМ Балалар құқығын  қорғау бойынша комитеті төрағасының орынбасары Дулат Шайкенұлы мен Қарағанды облысы білім басқармасының тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Аруна Мұратқызы, Қарағанды қаласы жұмыспен қамту орталығының ізденушілерге қолдау көрсету бөлімінің маманы Тоғжан Серікқызы, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау  бөлімінің маманы   Айым Нұрланқызы, Қарағанды облыстық білім басқармасының бөлім басшысының м.а, Мерей Сайлауқызы, «My college» жобасының жетекшісі, Рашид Белгибаев,«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Ләззат Қожахметова, қатысып балалардың жазғы демалысы жайында бірқатар мәліметтерді айтып берген еді. Тікелей эфирде айтылған балалардың колледжде білім алуы жайлы мәліметтерді оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.

Әлеуметтік осал топтардан, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар атаанасына ерте көмектесу мақсатында колледжге түсуді көздейді. Тезірек оқу бітіріп, мамандық алып, отбасына қолғабыс еткісі келеді. Осы тұста қандай қолдау, көмек қарастырылған? Қазір колледжге түсу ережесінде қандай өзгерістер бар?

 

«My college» ұйымының өкілі Рашид Белгібаев:

– Жалпы бұрын да, қазір де колледжде тегін оқу тәжірибесі қарастырылған. 2021 жылдан бастап колледжге түсу ережесі өзгерді. Мемлекеттік маңызы бар мамандықтарға түсу үшін шәкірттің оқу үлгерімі қаралады. Болашақ студенттердің 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар. Биылғы негізгі өзгеріс педагогика немесе медицина саласын таңдаған шәкірттер сол саладағы профильдерді ғана таңдай алады және оқу үлгерімі 4-тен кем болмауы керек.

Былтырдан бастап өзгерістер енгізілген соң студенттерді оқуға қабылдау бағдарламасы электронды жүйеге көшті. Яғни, талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен – Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе тікелей колледжге тапсыра алады. Бүгінгі күні Қазақстанда 7-8 жүйе бар. Бұл жүйе студентті қабылдауды ашық жүргізеді. Осы жүйе арқылы шәкірт неліктен оқуға түсе алмағанын түсініп, біліп отырады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алады.

– Колледжге түсу үшін емтихан тапсыру керек пе?

Оқуға түсудің бірнеше жолы бар. Колледжде оқу бағдарламасының түр-түрі бар. Мысалы жұмысшы кадрларды дайындау бөлімі бар. Оған арнайы конкурссыз түсуге болады. Орташа мамандық кадрларының бөлімі бар. Олар конкурстан өтуі керек. Әр мамандықтың өзіндік профильдері бар. Мұғалім болу үшін де арнайы емтихан бар. Бірақ аттестаттағы бағасы жақсы балалар өтіп кетеді.

– Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қандай да бір жеңілдік бар ма?

Әрине, бұрыннан келе жатқан шаралар тізімі бар. Арнайы жеңілдікке кіретін, 7-8 категорияға бар. Осы жеңілдіктің ішінде көпбалалы отбасылардың  балалары да қарастырылған.

Қарағанды Облыстық білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мерей Алиева: 

Қарағанды облысы бойынша 67 колледж бар, биыл оқу орындары 38 000 студент қабылдап жатыр. 114 000 мамандық, 201 біліктілік бойынша шәкірттер білім алуда. Ал квоталарға тоқталатын болсақ, 9 санат бойынша қарастырылады. Биылғы оқу жылында квота көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін кемінде үш жыл толық емес отбасы балаларына, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, отбасылардан шыққан талапкерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектерге арналған. Бұрын мұндай мүмкіндік тек жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, ауыл жастарына, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға берілетін еді.

Колледжге құжат қабылдау қашан басталады?

– Биыл қазақстандық колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады.

Бұл жоба –  АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды.
“Мінбер” ақпарат агенттігі ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Эфирді жүргізген Риза Исаева,

Мәтінін дайындаған Арайлым Нұржанқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар