/

Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Ақпарат берген адамға 12-млннан аса сыйақы беріледі-Антикор

672 рет қаралды
казтаг
казтаг

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ресми парақшасында жарияланды.

“Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімов іздестірілуде. Оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда агенттік телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз”-делінген хабарламада.

Және антикор жазбаға байланыс номерлерін тіркеген:

call-центр 1424,

+7 (7172) 909 260,

+7 (727) 278 7300,

+7 (707) 978 0808

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы беріледі делінген жазбада.

Бүгінгі күні 1 АЕК-3063 теңге. Ал 4000 АЕК-12 252 000 теңге.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар