Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы хабарлады.
“Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы №115 сайлау учаскесіне барды. Елбасы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру рәсіміне қатысты”-делінген жазбада.
Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?”. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беруі керек.
Парақшамызға жазылыңыз