Алматыдағы Қытай елшілігінің алдында наразы топтың келгеніне тұп-тура 500 күн. Наразы топтың негізгі талабы біраз уақыттан бері Қытайдың “қайта тәрбиелеу лагерьлерінде” жазықсыз қамауда жатқан туыстарының бостандыққа шығуы.
Шараны ұйымдастырушылардың бірі Байболат Күнболаттың айтуынша, бүкіл әлемнің назарын аударып отырған Қытайдың тажал саясатының құрбаны болған қазақтар өте көп. Алматыдағы Қытай елшілігінің алдына осы қазақтардың туысқандары келіп, Қытайдағы лагерьлерде жазықсыз отырған туыстарының босатылуын талап етеді. Бұл митингіні ұйымдастыру барысында Байболат Күнболат әлденеше рет әкімшілік жауапқа тартылып, 2 миллионнан астам теңгенің айып пұлын да төлепті, 14 күн бейбіт шеру талаптарын бұзды деген айыппен қамалған да, сонда да алған беттерінен қайтар емес.
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыға әкім болып келген Ерболат Досаевтың арнайы қабылдауына жазылған олар бұл әрекеттері үшін әкімдіктің жауапқа тартпауын өтінген.
Ал Байден әкімшілігі және өзге де елдер Қытай езгісін сынап, оны геноцид деп таныған болатын.
Парақшамызға жазылыңыз