//

Төрт жаңа облыс, төрт жаңа әкім

1525 рет қаралды

Кеше Ақордада бірнеше облыстың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың әкімдерін тағайындау туралы бірнеше жарлыққа қол қойылды.

Сөйтіп, Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына, Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына, ал Берік Әбдіғалиұлы болса  Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 2018-2021 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы, одан кейін Қаржы министрлігінің вице-министрі, ал 2022 жылдың қаңтар айынан Қаржы министрлігінің бірінші вице- министрі қызметін атқарған. Мерейтойлық медаль және «Құрмет» орденімен наградталған.

Абай облысының әкімі Нұрлан Телманұлы Ұранхаев 2019-2022 аралығында Нұрсұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болыпты. 2011 жылы «Құрмет», 2016 «Парасат» ордендерімен наградталған. Еңбек жолын «Казпромтехмонтаж» тресінің Семей монтаждау басқармасы учаскесінің слесарь-монтаждаушысы, шебері, прорабы ретіндегі қызметтен бастаған екен (1987-1990 ж.ж.)

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың мамандығы журналист, 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Кейін «Лениншіл Жас», «Өркен» және «Горизонт» газеттерінде тілші, бөлім басшысы, орынбасар, бас редактор қызметтерін атқарған. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық қатынастар маманы.2019-2022 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болса, 2022 жылғы қаңтардан ҚР Парламент Сенатының депутаты. Мемлекеттік наградалары туралы ақпарат жоқ.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, 2019 – 2021 жылдар аралығында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі. 2021 жылғы қаңтар айынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Құрмет» (2017) орденімен, «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «20 жыл Астана» (2018) медальдерімен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2016), «Мәдениет саласының үздігі» (2019) төсбелгілерімен наградталған.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар