Кеген мен Райымбек аудандарының халқы наразылыққа шығып, Республикалық маңызы бар Кеген-Нарынқол автомобиль жолын жапты. Қымбатшылық қалтадан қысып тұрғанда, халық жолды жаппағанда қайтсін? Халық бұл жолдан әбден шаршады. Шаршағанннан осы қалге жетті. Қаңтар оқиғасы билікке сабақ болмаған сынды. Қазақтың «Біреу өлмей, біреуге күн жоқ» деген сөзі дәл осы жағдайға айтылғандай, сонда осы жол жасалмайынша, «біреу өртеніп, біреу өлу керек пе?». (Құдай бетін аулақ етсін!) Осы жолды жасауға билік неге қауқарсыз? «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қайда? Сұрақ көп,жауап жоқ.
«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, осы жолдың жыры жөнінде айтылмаған сөз, жазылмаған мақала қалмады.
Бүгін Кеген және Райымбек аудандарының ашынған халқы Кеген-Нарынқол автомобиль жолын жауып, өз наразылықтарын білдіріп, билікке өз шағымдарын жеткізді. Наразылыққа осыдан екі жыл бұрын Кеген шатқалындағы 15 шақырым жолдың күреліп, оның қайта жасалмауы, сонымен қатар, осы екі ауданның барлық жолы шұрық-тесік болып, жөндеу жұмыстарының жүрмеуі себеп болып отыр.
Бұл туралы тәуелсіз журналист Қанат Әбілқайыр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды: «Райымбек пен Кеген ауданы баяғы орыс бодандығына көнбеген Тазабек пен Саурық сынды батырлардың мекені. Ресей империясының іргесін сөккен Қарқара көтерілісі де осы өңірден басталған. Идея жолында шейіт кеткен Заманбек пен Алтынбектің кіндік қаны да осы жерге тамған.
Жайшылықта момын, бұйығы болғанымен, бір бас көтерсе, бас бермес асаулығы бар жұрт бүгінгі күнге дейін шыдап келгенін, халықтың шыдамының мүлдем түгесілгенін айтады.
Халық наразылығын басуға Кеген ауданының әкімі келгенімен, ол өз сөзіне өзі қарсы шығып, мардымды ештеңе айта алмады.
Бұл жай тезірек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлағына жетпесе, аудандық, облыстық шенділердің қолынан ештеңе келмейтінін, олардың өтірік уәдесі халықты бұдан ары ашындыра түсетінін айта кеткіміз келеді.
Осындай кішкене ғана наразылықтың соңы Қаңтардағы жағдайға дейін жеткізгенін ел ұмыта қойған жоқ. Сондықтан осы жазбаны президентке жеткізуіңізді сұраймын, Руслан Желдібай (ред.ҚР Президентінің баспасөз хатшысы) мырза, деп жазды ол.
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкел Қанат Әбілқайырдың парақшасындағы постыға жазған арнайы жауабында:
P.S. “Мінбер” сайты бұған қатысты “ҚазАвтожол” өкілдеріне арнайы сауал жіберді. Әрі мәселені үнемі назарда ұстайтын болады.
Дәурен Ермекбай,
Алматы облысы,
Кеген ауданы
Парақшамызға жазылыңыз