////

Еңбек етем деген адамға Қазақстанда жұмыс жетеді дейді көп балалы кәсіпкер ана

2713 рет қаралды

Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты, Өстемір ауылының тұрғыны, 6 баланың анасы “Күміс алқа” иегері Гүлдерай ханым үкіметтің көпбалалы аналарға арнап жасап жатқан жұмысына алғысын білдіреді. Аналарға арнайы жасалған жеңілдіктерге, жәрдемақыларға риза. Үкімметтен берілген көмекті ала отырып, өз шағын бизнесімен айналысатын ана, өзгелерге де көп еңбек етуді ұсынады.

Гүлдерай ханым, сіз үкіметтен көпбалалы аналарға берілген барлық көмекті алдым дейсіз. Мысалға ел ішінде АСП аталып кеткен, атаулы әлеуметтік көмек? Көп аналар бұл көмекті ала алмағандығын айтады. Ал сіз қалай қол жеткіздіңіз?

 Мен көпбалалы ана ретінде үкіметтен барлық көмекті алдым. Оны қалай алдым дегенде:  мен алтыншы баламды босанған кезде, үкіметтен тағайындалған 4 балаға ғана он мың теңге болатын жәрдемақыны алатынмын. Сосын  сол кездегі заңға сәйкес жергілікті әкімшіліктің шешімімен 6 балаға 30 000 теңгедей әлеуметтік көмек тағайындалды. Оны мен тек алты ай ғана алдым. Алты айдан кейін мен жұмысқа шықтым. Ол кезде қызым бір жарым жасқа келді.

Сосын 2019 жылы әр балаға “жиырма бір мың” тағайындалған кезде, менің және күйеуімнің айлығын яғни үйге кірісті есептеп, алты балаға және бізге, толығымен сегіз адамға есептеп айына маған 146 000 теңге тағайындап берді. Оны жергілікті әкімшілік тағайындады. Мен 2019 жылдың наурыз айынан бастап, желтоқсан айына дейін алып отырдым.

Одан кейін 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, әр балаға “он бір мыңнан” төлейтін заң шықты. Ол кіріс боп саналады екен.  Сол себепті  маған үкімет тарапынан алты балаға және өзімнің “күміс алқам” бар болғандықтан, осының бәрі кіріс көзі болып есептеліп мен сол әлеуметтік көмекке іліне алмадым. Өйткені өзімнің айлығым бар, сосын үкіметтің алты балаға тағайындаған жәрдемақысы бар сонымен 2020 жылы мен әлеуметтік көмек алмадым.

Бірақ, ол әлеуметтік жәрдемақыдан бөлек, мен көпбалалы ана ретінде мектепішілік балаларға бір рет берілетін үкіметтің  көмегін де алып отырамын. Қазір мектеп жасында үш балам оқиды, соларға жылына бір рет осы көмекті аламын.

 Сіз 6 баланың анасы, яғни “Күміс алқа” иегерісіз ғой. Осы орайда мынандай сұрақ: қазіргі уақытта сол 6 балаға да үкімет тарапынан жәрдемақы аласыз ба?

 Ия,осы уақытқа дейін  үкімет тарапынан бөлінген алты балаға “күміс алқаммен” қосып, 94 000 тг алып отырдым. Енді осы шілде айынан бастап 84 000тг жәрдемақы алып отырмын. Себебі үлкен қызым қазіргі кезде тұрмысқа шықты, одан кейінгі ұлым әскерге кетті. Сөйтіп екі баламның ақшасы қысқарды. Ал былай тағайындалған жәрдемақыны уақытылы алып отырамын.

 Сонымен қатар қазіргі таңда сіз шағын бизнеспен де айналысудасыз. Ендігі сұрақ: бизнеске қалай келдіңіз? Қазіргі таңда қалай өрбуде?

 Шағын бизнеске келсек, ол менде қосымша табыс көзі. Бірінші фаберлик компаниясымен айналысамын. Бірінші өзім тұтынып, ұнағаннан кейін компанияға тіркеліп, саудамды бастадым. Қазіргі таңда өзім сияқты қыз келіншектерге тауарымды  жарнамалап өткіземін. Әйел адам болғаннан кейін үйге керек заттарға көп мән береміз. Ал фаберлик компаниясында сол өнімдер таза, табиғи, гипоалергенді болғандықтан және сапасы жақсы болғандықтан тұтынушыларым көп. Сонымен қатар денсаулыққа пайдалы жақсы витаминдері де бар. Тағы бір айтарым бағасы да қолжетімді. Сол себепті осы компаниямен жұмыс жасап, бір қосымша табыс көзін аштым.

 Өзіңіз сияқты көпбалалы аналарға қандай кеңес айтар едіңіз? Бизнес леди ретінде және қарапайым ана ретінде?

 Өзім сияқты қарапайым аналарға не айтамын? Қазіргі кезде жұмыс істеймін, ақша табамын, табыс көзін ашамын деген аналарға мүмкіндік өте көп. Тек соның көзін тауып, жолын тауып тынбай еңбек ету керек. Менде тек фаберлик компаниясы емес, тағы да ұсақ түйек алып сатумен айналысып, табыс көзін шығарып отырмын. Былайша айтқанда кішігірім саудагермін. Біз ауылды жерде тұратындықтан, жанымдағы қыз – келіншектерден тапсырыс алып, қаладан сол тапсырыстары әкеліп беріп осындай кішігірім саудамен де айналысамын. Осылай еңбектеніп бала шағаны асырап отырған жайым бар. Сондықтан да өзге аналарға тек еңбек етуге кеңес берер едім.

Сұхбаттасқан Айдана Игібай, 

Инфографика: Мінбер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар