12 шілде күні ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында “Қазақанимация” шығармашылық бірлестігін құру туралы хабарлады.
“Құрметті достар! Бүгін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру бойынша жиын өткіздім.
Ғали Мырзашев Абаевтың ұлттық анимацияны дамыту үшін шетелдік мамандарды тарту туралы бастамасын қазақ мәдениетіне қарсы әрекет деп біледі. Өйткені анимация – идеологиялық майдан болғандықтан, ұлттық сана мен тарихи таным алдыңғы орынға шығуы тиіс.
“Мен, маман Ғали Мырзашев сіздерге үндеумен шығуға мәжбүр болып отырған жайым бар. Кеше министр Абаевтың қазақ анимация орталығы ашылады, оған шетелден маман шақырамыз деген ақпараты түбегейлі қазақ халқына, қазақ мәдениетіне қарсы әрекет. Мен – маман, мен – әке, мен – ата ретінде қазақ анимациясын 3-4 жыл ішінде халықаралық деңгейге көтеремін, елді риза қыламын дегеніме көңіл аудармайды. Өйткені мен сияқтылар коррупцияға жол бермейміз. Қазақ елі, егер осындай үрдіс белең ала беретін болса, мен сияқты, мен бастаған адамдар ереуілге шығамыз. Билік, сіздер осындай жын-ойнақты жалғастыра берсеңіздер, бұл – халыққа қарсы қылмыс болмақ. Біз бұған түбегейлі қарсымыз. Ал шетел өндірісіне зәру болсаңыздар, әне, Николедион арнасы сарнап тұр, бірақ фильмдерінде «қан мен тер», қазақтың рухы жоқ, – деді Ғали Мырзашев өзінің фейсбук парақшасында.