Мемлекет басшысының соңғы уақыттағы сыртқы саясаттағы әрекеттері Қазақстанның көп векторлы саясатқа ауғандығының ғана емес, сыртқы саяси вектордың біртіндеп шығысқа ауып бара жатқандығының көрсеткіші болса керек. Мұның бірнеше себебі бар екендігі айқын.
Біріншіден, Ресей Украин соғысы дәстүрлі технологиялар мен тауарлар логистикасының өзгеруіне тікелей ықпал еткендігі сөзсіз. Ресейден келетін дәстүрлі логистикалық байланыстар Қазақстан үшін жұмыс істеуін тоқтатты деуге толық негіз бар. Демек алдымызда тұрған негізгі мақсат осы логистикалық байланыстарды қайта саралап, жаңа бағыттар ашуға ат салысу.
Орталық Азия елдерінің саммитінде талқыланған негізігі сұрақтардың барлығы осы төңіректе өрбігендігін аңғару қиын емес. Қазақстан мүддесі саммит барысында өзінің Ауғанстан арқылы жаңа тасымал дәліздерін дамыту идеясын алға тарту арқылы, қарқынды дамып келе жатқан Оңтүстік Азия нарығына қол жеткізу екендігі сөзсіз. Бұл жердегі қарқынды дамушы нарықтардың энергетикалық ресурстарға деген мұқтаждығы айқын сезілуде. Мұның дәлелі АҚШ тарапынан Ресейге түрлі санкциялар салғандығына қарамастан Үндістанның үлкен жеңілдікпен Ресей мұнайын сатып алудағы ниетінен де байқалып отыр. Заманауи экономикалық дамудың ең қарқынды өсу көрсеткіші нақты Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне ойысқандығын байқау қиын емес. Демек бұл елдермен байланысты нығайту Ел болашағын қарқынды дамып келе жатқан аймақпен байланыстыру деген сөз. Бұл үшін Ауғанстандағы тұрақтылық пен қақтығыстардың аяқталғандығы керек.
Екіншіден, Қазақстан біртіндеп Орталық Азияға қарай бет бұрып келе жатыр. Бұл Қазқстан үшін өте маңызды қадам. Осы уақытқа дейін Қазақстан түрлі интеграциялық бастамалардың орталығы болғандығы белгілі. ТМД елдері арсында әр түрлі форматтағы және әр түрлі жылдамдықтағы интеграциялық идеялардың орталығы болған Қазқстан бұған дейін де бұл бағытқа назар аудрғанына қарамастан ашық мемлекет құрудан тұйық жүйеге бейім Орталық Азияның өзге елдері бұл одаққа жіті мән бермеді. Бүгінгі күннің өзінде саммиттің қорытынды құжатына Түркменістан мен Тәжікстан түрлі процедуралық себептермен бұл құжатқа қол қоймай отыр. Орталық Азия аймағы елдерінің экономикалық трансформациясы да, Кеңестер одағы ыдырағаннан кейін экономикалық әлеуетті қалыптастыру процесі де әр түрлі жылдамдықта өрбіді. Оның үстіне аймақ елдерінің даму қарқыны да әр түрлі. Бір елдер нарықтық экономикаға басымдық берсе, өзгелерінде мемлекеттік реттеу әлі де күшті. Лидерлер өзгерісін бастан кешірген елдердің дамуға, интеграцияға деген сұранысы өскенімен, басшысы өзгермеген Тәжікстан билігі әді де интеграцияланудың келесі сатысына өтуге дайын еместігін көрсетуде.
Үшіншіден, Ресейлік агрессивті саясат аймақ елдерін жаңа әріптестер іздеуге итермелеуде. Бұл тек логистикалық байланыстардың өзгеруін емес, сонымен бірге бірлесе отырып қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс. Аймақта таза классикалық сыртқы қауіптерден басқа режим тұрақсыздығы, әлеуметтік қайшылықтар көлемінің артқандығын аңғару қиын емес. Аймақ елдері ішкі қақтығыстарды шешуде аймақтық күштерге арқа сүйеу ынтасы түсінікті де.
Төртіншіден, аймақ интеграциясы болашақта аймақ маңында орналасқан алпауыт елдермен келіссөздер жүргізуде Орталық Азияның саяси, экономикалық, құқықтық субъектілігін арттыратындығы айқын. Жеке мемлекеттер ретінде аймақ елдері өз субъектілігінің әлсіздігін түсінбейді емес. Аумақ мүддесін өзара ынтымақтастық негізде қорғау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұның тысында жеке кішкентай нарық болып табылатын Орталық Азия елдері біріккен жағдайда нарықтың көлемі де, сапасы да өзгеретіндігі белгілі.
Алайда аймақ интеграциясына кері әсер ететін факторлар да аз емес. Бұлардың қатарына көршілес мемлекеттер арасындағы территориялық сауалдар, саяси жүйелер ашықтығының әр түрлі денгейі, мүдделер қайшылығы, болашақта ең өзекті мәселелердің қатарына қосылары сөзсіз, су ресурстарының проблемаларын айтуға болады.
Жоғарыда көрсетілген қайшылықтарға қарамастан, Орталық Азия елдерінің әлемдік геосаяси картада дербес субъект ретінде сақталып қалуы бірінші кезекте ынтымақтастықта
Әр тараптандыру тек Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығымен ғана емес, Қазақстанның өзге аймақпен ынтымақтастық ареалын кеңейту ынтасынан да көрінуі заңдылық. Қажылыққа аттанған мемлекет басшысының Сауд Арабиясы басшыларымен кездесуі осы бағыттың айқын көрінісі. Сауд Арабиясы заманауи инвестициялық нарықта өте маңызды орын алады. Мұның тысында энергетикалық нарықтағы ынтымақтастық болашақтағы мұнай құнының өзгеруіне де оңтайлы ықпал ететіндігі сөзсіз. Заманауи экономика бүгінгі күні стагнацияда. Демек жақын арада қарқынды өсімнің болуы екіталай. Экономикалық өсімнің тежелуі энергетикалық ресурстарға деген сұранысты да тежейді. Демек мұнай нарығындағы бағаны тұрақтандыру өзара ымыраға келу арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Мемлекет басшысы президенттіке келген мезеттен бастап, Батыс елдерімен тығыз байланыс орнатуға тырысуда. Соңғы дипломатиялық өзгерістер шығыс пен батыстың арасында көпір қызметі мен жаңа логистикалық байланыстарды дамытуға бағытталған әртараптандыру саясатының Қазақстан үшін өмірлік қажеттілікке айналғандығының көрсеткіші болса керек.
Парақшамызға жазылыңыз