КТК құбырының жұмысын тоқтатуға өндіріс объектілеріндегі экологиялық заңның бұзылғандығы айқындалғаны себеп болып отыр. Наурыз айының соңында компания құбыр желісінде апат шыққаны туралы мәлімдеген. Сол кезде үш ВПУдің екеуі жұмысын тоқтатқан еді деп жазады Rbk.ru.
Новороссийскідегі Примор аудандық соты Каспий құбыры консорциумы жұмысын (Ресей мен Қазақстанның қатысуы бар компания) 5 шілдеден 30 күнге тоқтатқан. Ространснадзор КТК құбырының өндірістік объектілерінен заң бұзуды айқындайды. Тексеру Ресей вице-премьері Виктория Абрамченконың тапсырысы бойынша 6 мамырда жасалған. Бір айдан кейін хаттама толтырылған.
“КТК Ресей Федерациясының заңы бойынша жұмыс істейді. Сол себепті сот шешімін орындауға мәжбүр. Шешімді қайта қарауға шағым түсіруге болады”, — делінген компанияда.
КТК-ның ірі акционерлері ресейлік «Транснефть» (24%) мен қазақстандық «ҚазМұнайГаз» (19%).
Парақшамызға жазылыңыз