Жоғарғы сот журналистер Сейітқазы мен Әсет Матаевты толықтай ақтады. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сәдуақасов өзінің Фейсбук парақшасында мәлімдеді.
“Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты қылмыстық істі қарап, қылмыстық істі жаңадан апелляциялық сот отырысына жіберді. 24 маусымда Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас Прокурор іс үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық жүргізілмеуіне байланысты іс бойынша жүргізілген сот актілерінің күшін жоюды және жаңа апелляциялық тыңдау үшін қылмыстық істі жіберуді сұраған. Жеті судьядан тұратын Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін, 19 шілдеде наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 39-бабына сәйкес ақталғандар қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге құқылы деп танылады. Наразылық ішінара қанағаттандырылды.
Парақшамызға жазылыңыз