Пәкістанда соңғы онжылдықта болмаған нөсер жауын-шашын болды, бұл елдегі ең ауқымды су тасқынына әкелді. Мыңнан аса адам табиғи апаттың құрбанына айналды. Бұл туралы Interfax хабарлады
Табиғи апат Пәкістанның барлық төрт провинциясын қамтып, шекті апатты мөлшерге жетті.
3000 шақырымға жуық жол мен 129 көпір зақымданып, қатты зақым келген аумақтарға кіруге кедергі келтіруде.
Су тасқынынан Пәкістанның 33 млн тұрғыны зардап шекті.
1 млн-ға жуық тұрғын үй зақымданған. Хайбер-Пахтунхва провинциясынан 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Пәкістан билігі елде төтенше жағдай жариялады. Пәкістан билігінің мәліметінше, биылғы су тасқыны 1700 адам қаза тапқан 2010 жылғы апаттан ауыр.
Фото: interfax.ru
Парақшамызға жазылыңыз