Қостанай облысында төтенше жағдай (ТЖ) жарияланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Бүгін Қостанай облысында жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімдігінің резервінен қаражат жіберілді. Бұл, қаражат тұрғындардың уақытша баспанамен қамтылуы және тамақтануы үшін бөлінеді. 1800 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мектептерде 200-ге жуық адам тұрады. Көпшілігі қауіпсіз екеніне көз жеткізгеннен кейін үйлеріне оралды, ал қалғандары туыстарына кетіп жатыр», – делінген жексенбі күні хабарламада.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, жәбірленушілер жаңа үй салу немесе өтемақы алу таңдауы бар.
«Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асып жатыр. Бүгінде 108 ғимарат зақымданса, оның ішінде 98 үй толығымен жанып кеткен. Ендігі басты міндет – өртті толығымен оқшаулау. Ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпорындар да қалыспай, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде. Жақын күндері жұртшылық барлық қамқор азаматтар қолдау көрсете алатын қор ашуды жоспарлап отыр», – деп қосты облыс әкімі.
Еске салайық, 3 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен бөлек, 2 мың гектар аумақты құрайтын орман өртін сөндіру үшін тағы үш облыстың қызметі Қостанай облысына келді. Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты көлік қозғалысы шектелгені айтылды. Өрт Озерный ауылы аймағында тарады. 3 қыркүйек күні кешке қарай өрт аумағы 3 мың гектарға дейін ұлғайып, облыстағы өрт ошағына жақын елді мекендерден тұрғындар көшірілді. Кейінірек өрт жайлаған аумақ 9,4 мың гектарға жеткені белгілі болды. Қыркүйектің 3-і күні кешке «ҚазАвтоЖол» жағдайдың жақсаруына байланысты жабылған жолдың ашылғанын хабарлады. 4 қыркүйек күні таңертең 108 ғимараттың өртенгені белгілі болды, ал Төтенше жағдайлар министрлігі жалпы жағдайдың жақсарғанын хабарлады.
Қостанай облысында табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж тұрғындар үшін сенім телефондары ашылды.Тоқаев үкіметке өрттің салдарын жоюға ақша бөлуді тапсырды.
Қостанайдағы «Қару-жарақ» сататын дүкенде өрт 3 қыркүйек күні түс мезгілінде басталған. Ғимараттың жертөлесінде екі адам қалып кетіп, оқ-дәрілердің жарылуы олардың сыртқа шығуына кедергі болғаны, өрт бірден шамамен 2 мың шаршы метр аумақты алып жатқан сегіз тұрғын үйге жайылғаны хабарланды. Кейін белгілі болғандай, дүкен директоры денесінің 50 пайызын күйік шалып, ауруханаға жеткізіліп, өрт аумағы 2,5 мың шаршы метрге дейін өскен. Қыркүйектің 4-і күні таңертең Қостанайдағы қару-жарақ қоймасында өрт кезінде сыртқа шыға алмаған екі адамның да өлі табылғаны белгілі болды.
Қостанай облысындағы өртке қатысты істерді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары тергеп жатыр. Қазақстанның ірі қалаларында қостанайлықтарға көмек көрсету пункттері ашылды. Сондай-ақ Қазақстан волонтерлерін үйлестіру орталығы да көмек көрсете бастады. Облыстың өзінде өрттен зардап шеккен ауылдардың балаларына көмек көрсету бойынша жедел штаб жұмыс істей бастады, Білім министрлігі балаларды Бурабай шипажайында орналасқан «Балдәурен» республикалық орталығына орналастыруды ұсынды.
Дереккөз: bugin.kz
Парақшамызға жазылыңыз