///

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз шикізатқа тәуелді елміз

3727 рет қаралды
фото: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ ТӨМЕН, ИННОВАЦИЯ ЖЕТКІЛІКСІЗ

«Біздің экономикалық саясатымыздың базалық мақсаты – өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың сапалы әрі инклюзивті тұрмысы қамтамасыз етілуі керек», – деді Президент.

Сондай-ақ, ол баршаға бірдей мүмкіндік жасау жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болуы керектігін атап өтті.

«Жаңа экономикалық бағдардың басым бағыты жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру яғни, мемлекеттік капитализм мен мемлекеттің экономикаға шектен тыс килігуінен кету; бәсекелестікті дамытып, баршаға бірдей мүмкіндік жасау және әрине, ұлттық табысты әділетті бөлу болмақ.», – деді Мемлекет басшысы.

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСЕДІ

“Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді.

Зейнетақы жүйесін қайта іске қосу қажет. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарысын 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұл бұрынғы қабылданған шешімдермен бірге 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы көлемін орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді”, – деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

УТИЛЬ АЛЫМ 250 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСПАУЫ ТИІС
Утилизация мен көлікті бастапқы тіркеу үшін бір реттік бірыңғай алым 250 мың теңгеден аспауы шарт.
Президент автокөліктерді елге заңсыз кіргізудің жолын кесу үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген осындай көліктердің мәселесін реттеу қажет.
“Оларды заңдастыру үшін бір реттік тәртіпте утилизация мен бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын бірыңғай алым қолдануды ұсынамын. Бұл шара іздеу жарияланбаған және кедендік тексерістен өткен автокөліктерге қатысты қолданылуы керек”, – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

ШЕНЕУНІКТЕРДІ 25% ҚЫСҚАРТУ

Жолдауының басында Президент елдегі мемлекеттік бағдарламалар мен шенеуніктер санына тоқталды. Ол елдің көлемді емес, халық түсінетін ықшам мемлекеттік бағдарламаларға көшу керегін ескертті.

Сонымен қатар, шенеуніктер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырды.

“Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз”, – деді ол.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар