1 қазанда Индонезияның Маланг қаласындағы “Канджурухан” стадионында футбол матчі қайғылы оқиғамен аяқталған. Бұл туралы suryamalang жазды.
Сенбіде Индонезия чемпионатының матчінде “Арема” және “Парсебайя” командалары кездескен. Ойын екінші команданың пайдасына 3:2 есебімен аяқталған. Финалдық ысқырықтан кейін “Ареманың” жанкүйерлері ашуға бой алдырып, футбол алаңына қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шаша бастаған.
Футбол тамашалауға келген адамдар, оның ішінде трибунада отырған көрермендер де қорқып, стадионнан кетуге ұмтылған. Салдарынан адамдар сығылысып қалған. Қайғылы оқиға салдарынан 127 адам қаза болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. 180-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді.
Лига басшылығы алдағы аптадағы бірнеше матч кейінге қалдырылғанын хабарлады. Және қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіледі.
Парақшамызға жазылыңыз