– Қазақстан халқына тиесілі дүниенің бәрі оның мүддесіне қызмет ететін болады. Бұл үшін біз қорды тиімді басқаруды қамтамасыз етеміз, оны инвестициялық кірісін көтереміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
– Біз аграрлық секторға күшті импульс береміз, өндірістің базалық саласын күшейтеміз, жоғары деңгейдегі өнім өндіру мақсатында жаңа салалардың жандануына жол ашамыз. Салық, бюджет, ақша несие және тариф саясатының ашықтығын қамтамасыз етіп, инфляцияны ауыздықтаудың жүйелі шараларын қабылдаймыз, – деп түйіндеді ол сөзін.
Дәл осындай экономика “біздің халықтың әл ауқатының тұрақты өсуіне негіз бола алады” деді ол.
Сондай-ақ ол 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне орай ең төменгі жалақыны көтеру механизмін енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
Шағын және орта бизнестегі адамдардың саны 4,7 млн адамға жетеді.