///

Абзал Құспан, адвокат: Біз әділеттілікті қаласақ, сайлауға баруымыз керек

2608 рет қаралды
фото: nur.kz

Енді екі күннен кейін, яғни Қарашаның 20-сында Елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Сенбі күні барлық тыныштық күні. Осы тыныштықтың алдында біз белгілі адвокат Абзал Құспанның сайлауға қатысты пікірін білген едік.                   

– Сайлаудан кейін елімізде қандай саяси өзгерістер болады деп ойлайсыз?

– Үміт те бар, күдік те бар. Бәрі керемет болады, ғажап болады деп сенімді түрде айта алмаймын. Үміт болатын себебі, бұл отыз жыл бойғы бір адамның басқаруынан, басқа бір адамның басқаруына көшкелі отырмыз.

Тоқаев 2019 жылдан бері президент деп кейбіреулері айтуы мүмкін. Алайда биліктің басындағы күштік құрылымдар биылғы жылдың қаңтарына дейін қауіпсіздік кеңесі арқылы елбасыға бағынып келді.

Сондықтан да мен 2019-2022 жылдар аралығында Тоқаев президент болды деп есептемеймін. Осы сайлаудан кейін өзгерістер болады деп үміттенемін. Күдіктенетін себебім, осы кезге дейін қалыптасқан «шенеуніктердің армиясы». Оның ішіне күштік құрылымдар,  сот саласының қызметкерлері де, бюджет саласының қызметкерлері де шенеуніктер армиясы. Осыларға батыл түрде ревизия жасап, өзгерістерге ұшырамаса, онда бұлармен жаңа реформа жасау мүмкін емес нәрсе. Сондықтан да сайлаудан кейін кадрлық мәселелерді дереу қолға алу керек деп есептеймін.

– Тоқаевтың бағдарламалары көңіліңізден шықты ма?

– Тоқаевтың бағдарламаларының ішінен өзіме етене жақын құқық, заң саласы бойынша әділетті экономика, «әділетті» деген сөзді қосып отырғандығы. Жалпы енді, жыл басынан бері Жаңа Қазақстан деген ол әділетті Қазақстан деген концепция ұсынды Тоқаевтың админстрациясы. Осы жағынан Тоқаевтың бағдарламалары көңілімнен шыққандығын айтқым келеді. Себебі қазір адамдарға ең қажеттісі әділеттілік. Нақты мысал келтіре кетейін, осы «Қаңтар оқиғасы» бойынша тергеу изоляторы жағдайында 600-дей адаммен кездестім, сөйлестім. Солардың бәріне қойған бір сұрағым болды: «сіздерді митингіге шығуға не жағдай итермеледі?»,- деген. Сол кезде барлығынан бірдей алған жауабым: «әділетсіздік»,-деген жауап болды. Енді оны әркім өз тілімен, өз деңгейінде жауап береді ғой. Бірақ, айналып келгенде айтқандары сол әділетсіздік дегенге кеп тіреледі. Оның ішінде  14-15 жастағы кәмелетке толмаған балаларда болды.

Негізгі топ 20-35 жас аралағындағы жастар болды. Кейбіріне «сен өмірді енді бастап жатсың, жап-жассың, сен қандай әділетсіздікке тап болдың?»,-десем өзі тап болмаса да туысқандарының, достарының әділетсіздікке тап болғандығын айтады.  Сондықтан осы жүйеге деген, әділетсіздігіне деген әңгіме көп айтылды. Менің ойымша, Тоқаевтың осы биылғы жылы ұсынған концепциясына да, сайлау бағдарламасындағы «әділетті» деген сөзді жиі қолданатындығы да осы жағдайларды ескергендіктен деп ойлаймын.  Енді осы орайда әділетті деген сөзді ту ғып ұстайтын болсақ, сөзден іске көшіп, сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асырсақ жақсы болар еді.

– «Сайлауға барғаннан, дауыс бергеннен еш пайда жоқ», – деген пікірмен келісесіз бе?

– Бұл пікірмен 100 пайыз келіспеймін. Өз басым үшін бұл әлдеқайда шешімін тапқан мәселе. Сайлауға бару керек. Өйткені сайлау – демократияның ең басты белгісі. Уинстон Черчилль айтпақшы: «демократияның да кемшіліктері көп, бірақ адамзат баласы одан артық басқару жүйесін ойлап тапқан жоқ». Сол айтпақшы егер біз шынымен демократияны қаласақ, сайлауға қатысуға тиістіміз. Ал сайлауға барғанда дауысымыз ұрланады деп ойласаңыз, онда белсенділік танытып бақылаушы болыңыз. Үйде жатып алып барғаннан пайда жоқ деп сынап-мінеп жатқандармен келіспеймін. Сондықтан сайлауға сөзсіз қатысу керек, бару керек.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар