Құрметті алматылық журналистер, Zertteu Research Insitute қоғамдық қоры ақпаратты визуализациялау бойынша бір күндік тренингке қатысу үшін өтінімдер қабылдауды бастады.
Бір күндік шарада қатысушылар ашық деректер негізінде мәліметтерді тауып, оны визуализацияға айналдыруды үйренеді. Сапалы визуализация сіздің мақалаңыздың өзегі, оқырманға жол тартудың кілті. Егер сіз мәліметпен жұмыс істеп қана қоймай, оны тартымды етуді мақсат етсеңіз, онда қапы қалмаңыз, жазылуға үлгеріңіз. Орын саны шектеулі.
Бір күндік шарадан кейін қатысушылар ақпаратты визуализациялаудың бірнеше құралдарымен, атап айтқанда Google sheet , Flourish, Infogram, Canva, Venngage секілді платформалармен танысатын болады.
Шара барысында бюджеттік шығындар, мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәліметтер пайдаланылмақ.
Бұл шараға мәліметтерді визуализациялауды игергісі келетін журналистер, зерттеушілер, қоғамдық ұйым өкілдері шақырылады.
Өтінім бермес бұрын уоркшоп бағдарламасы бір күнге арналғанын ескеруіңізді сұраймыз.
Бағдарлама негізінен Алматы қаласының тұрғындарына арналған. Алайда, өзге қаладан қатысқысы келетін ниеттілер болса мархабат. Тек келіп-кету және Алматы қаласында бір күн болу шығыны өз қалтасынан төленетінін ескертеміз.
Сіздерге сәттілік тілейміз! Алматыда тренингте кездескенше. Барлық қатысушылар үшін кофе брейк және түскі ас ұсынылады.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 4 қарашасында аяқталады.
Бір күндік іс-шара Алматы қаласында 2022 жылдың 5 қарашасында оффлайн өтетін болады.
Өтінім беру үшін төмендегі сілтемеге өтуіңізді сұраймыз:
Парақшамызға жазылыңыз