Қаңтар оқиғасына бір жыл толды деп жатырмыз ғой. Осы уақыт аралығында біздің саяси аренада не өзгерді? Бұл ретте Сүлейман Демирел Университетінің оқытушысы, халықаралық құқық маманы Әйгерім Құсайынқызымен қазақ қоғамындағы митиң мәдениеті тақырыбында сұхбаттасып көрген едік.
МИТИҢ – КЕЗ КЕЛГЕН АЗАМАТТЫҢ САЯСИ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
– Адам құқықтарына туралы заңнамада митингіге қатысты не айтылады?
– Соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес еріктілер, қоғам белсенділері митиң өткізу үшін әкімдік рұқсатын алу қажет. Яғни, біз әкімдікке өтініш беріп, рұқсат алғаннан кейін ғана шеруге шыға аламыз.
фото: Маса медиа
Жалпы, Қазақстандық митиңнің тарихын 1986 жылдан бастауға болады. Митиң – кез келген демократиялы мемлекет халқының өзі сайлаған президент пен парламенттің қандай да бір әрекеттеріне көңілі толмаған кезде, наразы болған кезде пікірін тек қана интернетте отырып айту, хат жазу арқылы емес, көшеге шығып өз наразылығын білдіру.
Ол кез келген азаматтың саяси азаматтық құқығы болып табылады. Ол біздің конституцияда емес, 1948 жылы жалпы адамзатқа ортақ адам құқықтар декларациясында, 1966 жылғы саяси азаматтық құқықтар туралы саяси пактіде көрсетілген . Яғни, ол тек қана ҚР конституциясымен шектелмейді. Ол біздің саяси құқығымыз, ол құқықты бізге билік бермейді, ол біздің туа біткен адами құқығымыз.
ХАЛЫҚ МИТИҢГЕ ШЫҒУДАН ҚОРҚЫП ҚАЛҒАН
– Қаңтар оқиғасынан кейінгі және дейінгі митиңгілердің айырмашылығы қандай?
– 2022 жыл ерекше феномен деп ойлаймын. 2022 жылдың 4 айында мен 8 рұқсат етілген митиңге шықтым.
Митиңге шығу мәдениетін этнографтардың айтуы бойынша 1986-2011 жж, 2011-2022 жж аралығы деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Жалпы рұқсат етілмеген шеруге келер болсақ, мысалы 24 сәуірде болған Ш. Уәлиханов алаңына шыққан саяси тұтқындарды босату митиңде 15 адамды қамады, 9 адамға айыппұл төлетті. Бұл жағдайда белсенділер әкімдіктен рұқсат сұраған болатын, бірақ бұл жағдайда әкімшілік толық түрде бас тартамыз деген жоқ. Сол уақытта жәрмеңке, студенттердің би флешмобы болады деп өтті. Бұл бас тарту болып табылмайды, сол үшін олар митиңге шыққан болатын.
Рұқсат берілмеген митиңге шыққан азамат әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша айыппұл төлеуі, 10-15 күнге дейін қамауға алынуы мүмкін. Өзім байқаған тенденция – 2022 ж қаңтар оқиғасында болған қайғылы оқиғадан кейін, жалпы халыққа “рұқсат берілген митиң – сіздің саяси азаматтық құқығыңыз, алаңға шығып наразылығыңызды айтыңыз” дегенде, халықтың өзінде әлі де қорқыныш, күмән, сенімсіздік басым.
Рұқсат берілген митиңге орта есеппен 200-400-ге жуық адам, мен көрген максималды сан Украинаны қолдауға байланысты санкцияланған, Сарыарқада өткен митиңде 3000-4000 жуық адам болды. Досаевқа қарсы митиңде орта есеппен 100-200 адам келді. 2022 жылғы санкцияланған митиңдерге алматылықтардың қатысу деңгейі 100-500 адам аралығында тұрақты. Санкцияланған митиңге максимум 20-30 адам барады(саяси белсенділер, тіркелмеген партиялар).
2014 жылғы девальвацияға қарсы және 2016 ж. жер реформасы болған кезде көптеген митиңдер санкцияланбаған, яғни ол кезде халық көшеге плакат алып шыққанның өзінде, полицейлер ұрып, қамауға алатын. Әрине оны көрген халықта қорқыныш пайда болады, мемлекеттік орында жұмыс істейтін азаматтар өзінің болашағы үшін қорқады, жалпы кез келген адам қауіпсіздігі үшін қорқады.
Қазір санкцияланған митиң болған кезде оны жариялау керек, жарнамалау керек, шығудан қорықпау керек. Меніңше, Жаңа Қазақстанды құру ол конституциядағы соңғы 56 бапқа өзгеріс енгізу емес, ол адам санасындағы жаңғыру. Жаңа мемлекетті құру халықтың белсенділігінен басталуы керек. Алматылықтар бастаған тенденцияны астаналықтар жақсы алып кетіп жатыр. Астанада былтыр 3 рұқсат етілген митиң болды. Оның өзі жақсы көрсеткіш.
Талдыкөлге байланысты митиңдер санкцияланбаған еді, халықтың әлеуметтік желідегі, митиңдегі наразылығын билік көрді, сөйтіп Талдыкөлдегі құрылыс жұмыстарын тоқтатуға бұйрық берді. Қоғам белсенділері осы мәселеде жеңіп шықты. Көп түкірсе – көл дегендей, тамып тұрған су тасты да теседі. Дәл сондай позицияны ұстанатын біздің саяси белсенділер Қазақстандағы митиңге шығу дәстүрін өзгертіп жатыр.
ҚАЗАҚТІЛДІ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
– Митиңге шығушы қазақ және орыстілді топтың портреті туралы қоғамдағы жаңсақ пікірлер туралы не айтасыз?
– Митиңге шығушылардың портретін жасайтын болсақ, Алматыда оқыған, орыс тілді, жоғары білімі бар, шетелде білім алған, мемлекеттік органда жұмыс істемейтін, шетелдік грант алатын, ҮЕҰ – да бар, жұмысы жоқ еріккен маргинал топ деп ойлайды көбісі.
Мысалы, менің санкцияланбаған митиңге шығып, кейін полицейлер алып кеткен достарым бар. Олардың айтуынша, құқық қорғау органы қызметкерлерінің оларға қойған бірінші сұрағы “Сенің жұмысың жоқ па не? Неге шықтың?”. Олардың көзқарасында митиңге шығушылар – еріккендер, жұмысы жоқ, мемлекетке қарсы, білімсіз азаматтар.
Кейбір азаматтар керісінше “Алматыда митиңге шығатындар орыс тілділер, қазақтың жанын түсінбейтін, қазақ ауыл проблемасын білмейтін, қазақ тілін түсінбейтін шала қазақтар” деп ойлайды. Қазақтілді және орыстілді қатысушылар 50/50 деп айта алмаймын. Қаңтардағы шеруде қатысушылардың көбісі қазақтілділер болды. Ал, одан кейінгі митиңгілерде 60 пайызы – орыстілділер, қалғаны қазақтілділер.
Қазір қазақтілді жастардың көбірек қатысуын байқаймын. Тіпті, плакаттарда Путинға қарсы мынадай мәтін байқадым: “Хан емессің қасқырсың, хас албасты басқырсың”. Яғни, Махамбеттің Жәңгірге айтқан мәтінін алып шыққан. Бұл қазақтілді антропологтар үшін зерттеуге тұрарлық тақырып.
Қазақстандағы митиң ол тек шетелдегі плакаттың көшірмесі емес, қазақтілді қазақстандықтардың көзқарасын білдіретін митиң. Осындай сипаттағы митиң қазір болып жатыр деп ойлаймын. 8 наурызда бізге “неге қазақтілді спикерлер аз? ” деген сияқты көп сын айтты.
Мен өзім спикерлердің бірі болдым. 9 спикердің, екеуі ғана қазақша сөйледі. Бірақ бізде орыстілділер ғана саяси сауатты, олар ғана заңды біледі деген теріс көзқарас болмауы керек. Қазақтілділерлердің орыстілділерден айырмашылығы, олар екітілді.
Олардың плакаттары кейде орысша болғанымен, алайда олардың күн тәртібіне алып шыққан мәселесі қазақтілді болуы, күнделікті өмірде олар қазақша сөйлеуі мүмкін.
Плакаттағы “сөздер қате жазылыпты, ол жерге сауатсыздар шыққан” деген көзқарасты мен Facebook – тан байқап қаламын. Олай сын айтатындар меніңше митиңге шығып көрмегендер. Әрине, қазақтілділер кем дегенде 50/50 басымдыққа жетсе екен, қазақтілділер көп болса екен деген ниетім бар. Бірақ та сол позицияға біз қазір келе жатырмыз деп ойлаймын.
– Рахмет.
Әңгімелескен Шәкира Ахметова,
СДУ “Журналистика” мектебінің ІІ курс студенті
Парақшамызға жазылыңыз
Жарайсың, Шәкира