12 қаңтарда Алматыдағы Ramada қонақүйінде “Азаттық” радиосының редакциясы “Қанды Қаңтар құрбандары” атты кітабын көпшілікке таныстырды.
Жинаққа 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанның бірнеше қаласында қаза тапқан адамдардың кейбірінің оқиғалары топтастырылған. Кітапта кейінгі бір жылда “Азаттық” жариялаған жеке адамдар туралы 18 оқиға іріктеліп алынды.
“Қаңтарда оққа ұшқан әр мұңлықтың оқиғасы құйқа тамырыңды шымырлатады. Алматыда оқ қарша жауған көліктің ішінде болып, бас сүйегі шашылып қалған 4 жасар Айкөркем Мелдехан, дүкенге нан алуға анасымен шығып, снайпер оғынан жан тәсілім еткен Сұлтан Қылышбек, көлігі түгелдей өртеніп, сүйектерін балалары жинап алған ерлі-зайыпты желтоқсаншылар Гүлзипа Құлсұлтанова мен Қуат Біткенбаев, кәмелет жасына толмай оққа ұшқан тараздық Андрей Опушиев пен шымкенттік Абылай Ергеш… Зар еңіреген ана, азаматын жоқтаған әйел, жетім қалған бала…” деп жазылған кітап алғы сөзінде.
Жинаққа Азаттық тілшілері Қаңтар оқиғасы күндері және одан кейін түсірген фотосуреттер де енгізілген.
Мәтін: “Азаттық”
Видео: Мінбер
Парақшамызға жазылыңыз
[…] қаңтарда Алматыда “Азаттық” радиосының редакциясы “Қанды Қаңтар құрбандары” кітабын көпшілікке таныстырды. Заңгер Ғалия Әженова […]