///

Мәслихат сайлауы: Аудандарда дайындық қалай?

1745 рет қаралды
1
Көрнекі сурет

19 наурызда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні белгілі болды. Бір нәрсе айқын,  барлық назар Мәжіліс сайлауына ауады да, жергілікті Мәслихат сайлауы назардан тыс қалады.

Осы ретте жер жердегі Мәслихат сайлауына деген дайындықтардың қалай қолға алынып жатқанын назардан тыс қалдырмауды жөн көрдік. Мәселен, Алматы облысы Кеген ауданының Мәслихат сайлауына дайындықты 12 қаңтардан бастап кеткен.

Жақында аудандағы 11 сайлау комиссиясының құрамы жаңарды. Аудандық мәслихаттың хабарлауынша 12 қаңтарға дейін қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар т.б 12 қаңтарға дейін құжаттарды ұсынып, әр округте 5 адамнан тұратын комиссия жасақталған. Біз тізімді мұқият шолып, әр адамның аты-жөні қызметіне үңілдік. Әдетте жасыратыны жоқ аудан әкімдері өздеріне ыңғайлы комиссия, қолайлы мәслихат жасақтауға тырысады. Бұл алдағы жылдары бюджетті еркін бекітіп, билеп-төстеуге ыңғайлы болуы үшін жасалады. Бұл жолы да солай ма?

Алдымен тізім бойынша аты аталған адамдарға қоңырау шалдық. Көпшілігінің айтуынша өздері қызмет істейтін мекемеде комиссия мүшесі боласыздар, жаңадан комиссияны қалыптастырып жатырмыз, 12 ақпаннан кейін жұмысқа кірісесіздер, ақша төленеді деген. Көпшілігі өздерін қай партия немесе қоғамдық ұйымнан тіркегенін білмейді.

Барлық округтегі комиссия мүшелері бір қалыптан шыққандай кезегімен Amanat, Халық партиясы, Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподақтар одағы, «Денсаулық зор байлық» мүгедектер қоғамдық қоры, «Шолпан ресурстық орталығы» қоғамдық қорының атынан ұсынылған.

Қарап отырып, 11 сайлау округіндегі Алимкулов Максат есімді азаматқа көзіміз түсті. Ашық деректерде оның «Көлсай көлдері» МҰТП директорының орынбасары екені айтылған. Ешқандай мүгедектігі жоқ, денсаулығы аттай азаматтың мүгедектер қоғамдық қорына қаншалықты қатысы барын таппадық. Аталған қоғамдық ұйымды да іздеп көргенбіз. Шолпан Жанбабаева басқаратын «Денсаулық зор байлық» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 6 жыл бұрын құрылған, Кеген ауданында тіркелген болып шықты. kompra.kz ұсынған деректерде қызметкер саны 5, enbek.kz ұсынған деректерде 10 қызметкері бар делінген.

Ал Кеген ауданындағы 11 сайлау учаскесіне аталған ұйымнан 11 адам ұсынылған. Сайлау туралы заңда партиялар мүше емес адамдарды да ұсына алады делінген. Қоғамдық ұйымдарға қатысты жазылмаған.

Біздің білгіміз келетіні – “Денсаулық зор байлық” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған адамдардың бірлестікке қандай қатысы бар? Бұған дейін бірлестікпен тығыз жұмыс істеген бе? Ерікті немесе қандай да басқа қатысы бар ма? Қай кезден бастап мүшелер қатарында? Бұл сұрақтың бәрін Шолпан Жанбабаева ханымға бағыттадық:

 – Сіз басқаратын қор мен ресурстық орталықта неше адам жұмыс істейді?

«Денсаулық зор байлық» мүгедектер қоғамдық қоры мен «Шолпан» ресурстық орталығында барлығы 55 адам жұмыс істейді.

Қордың неше мүшесі бар?

Қоғамдық бірлестіктің 11 мүшесі бар

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 11 учаскедегі комиссияға сіздің қоғамдық ұйым атынан 11 адам мүше болған. Олардың кейбірі бұл қорға қатысымыз жоқ дейді. Олардың қорға қатысы бар ма?

– Қатысы жоқ адамдар болуы мүмкін емес.

Мысалы: Байузакова Асем, Жумаш Султан.

Байузакова Әсем біздегі тәуелсіз бақылаушы.

Олар бұл комиссияда қоғамдық қор мүшелері ретінде ұсынылып тұр ғой

– Олар негізі тәуелсіз бақылаушылар

Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтарында қабылданған шешімде осы 11 адам қоғамдық қордың мүшелері ретінде ұсынылған.

– Ол кісілердің фамилияларын маған жазыңызшы, көрейін

–  Аудандық мәслихатқа тізімді өзіңіз ұсындыңыз ба? Ресми құжаттарын көрсете аласыз ба? Мұның қорға қандай пайдасы бар?

Мен қазір қалада едім, кейінірек  жіберейін

Ал, «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподақтар одағы» аудандық филиалының өкілдері тізімдегі адамдардың өздеріне қаншалықты қатысы барын айтып бере алмады. Сонда аудандық мәслихат бұл адамдарды қалай тізімге қосқан?

Сонымен қоса дәл осы шешім бойынша Кеген аудандық мәслихатының төрағасының пікірін білмек болдық. Өкінішке орай мәслихат төрағасының демалысқа шығып кетуіне байланысты Кеген аудандық мәслихаты аппарат басшысы Ұлас Ақжігіт және мәслихаттың ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық, ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Ернұр Сабырбековпен тілдестік.

– Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 11 учаскелік комиссияға 5 ұйымнан ұсынылған тізім бірдей реттілікпен қайталанады.  Бұл кездейсоқтық па? Басқа ұйымдардан неге ұсынылмаған?

Ұлас Ақжігіт: 

Ұлас Ақжігіт

– ҚР Сайлау туралы заңының округтік, аудандық, учаскелік комиссиясын құру жөнінде сайтқа, БАҚқа хабарландыру беріледі. Сол бойынша әр партия көрсетілген мекен-жай бойынша құжаттарын ұсынады. Егер ұсынбаған жағдайда басқа да үкіметтік емес ұйымдар азаматтарды ұсына береді. Біз ана адам, мына кісіні өткіз деп оларға тапсырма бере алмаймыз.

– Өзім осы шешіммен танысқан соң ішіндегі кей кісілерге хабарластым. Олар мына шешімде жазылған қордың мүшесі екенін білмейді.

– Жалпылама айтқанда біз ол кісілерден сұрамаймыз.

Ернұр Сабырбеков:

– ҚР Сайлау туралы заңының 10 бабында былай жазылған: әр саяси партия немесе қоғамдық бірлестік өзінің мүшесі болып табылмайтын басқа саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктің адамын ұсынуға құқығы бар деп анық жазылған.

– Аудандық мәслихат аталған комиссияның заңды жолмен жасақталғанына құжат жүзінде дәлел ұсына ала ма?

Ұлас Ақжігіт:

– Иә

Ернұр Сабырбеков:

– Иә, әрине

Тағы бір айта кетерлігі – комиссия құрамындағы адамдардың көпшілігі мемлекеттік мекеме қызметкерлері, оның басым бөлігі мұғалімдер. Көпшілігінде директорлар комиссия төрағасы. Бұл тұрақты сайлау комиссияларында да бұлжымайтын қалыпты нәрсе. Ал мемлекеттік мекеме қызметкерлері көп жағдайда басшылардың айтқанынан шықпайды дегенді бүкіл Қазақстан айтып жүр. Сондықтан, сайлау әділ өтсін десек, әсіресе Мәжіліс сайлауының аясында ың-шыңсыз өтіп, аудан басшылары өздеріне қолайлы адамдарды өткізіп алатын мәслихат сайлауына ерекше көңіл бөлінуі керек. Ең алдымен біз айтып отырған сайлау комиссиясы мүшелерін әділ таңдаудан бастау қажет.

Мақпал Шадан

Кеген ауданы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Менин сурайын дегеним сайлау битейин дегенине 10 кун калды неге али зарплата жок. 19 январь басталды азир 9 март болды 1 айдын зарплатасы али жок.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар